Көптің көзайымына айналған Есек Люся
Люся деп аталатын есек бүкіл мемлекетке 1967 жылы Кеңес Одағының көгілдір экранына Леонид Гайдайдың кезекті «Кавказдық тұтқын қыз немесе Шуриктың жаңа қызықты оқиғалары» («Кавказская пленница или Новые приключения Шурика») кинокомедиясы шыққанда танылған. Түсірілім қатысушылары Люсяны тек екі актерды – Александр Демьяненко мен Наталья Варлейді ғана тыңдайтын қыңыр актриса ретінде еске алады.
Түсірілімнен кейін Люся көп жылын Симферопольдағы хайуанаттар бағында өткізіп, 2007 жылы қартайған шағында, 59 жасында өлген.
«Кавказдық тұтқын қыз» Люсяның карьерасындағы жалғыз фильм болмаған. Соңғы жылдарында ол тағы екі картинада ойнаған: «9 рота» және «Спецназ». Бұл фильмдерді көрген көрермендердің ешбірі де дәл сол есекті жарты ғасыр бұрын студент Шурик те мінгендігін тіпті ойламаған да болар.