Ежелгі Сауран және Властилин колец фильмі...

Oinet.kz 09-08-2019 1732

upload-06-pic905-895x505-98171.jpg

Аңыз түбі ақиқат. Сауранның тербелмелі қос мұнарасы туралы аңыздыңда ақиқат екендігі анықталды. Ия, кәдімгі Түркістан қаласына Қызылорда бағытынан бара жатсаңыз қара жолдың оң қапталында тұрған ежелгі қорғанды қалада осындай тербелмелі қос мұнара болған. Бұл әлемнің 37 кереметінің біріне баланғанды кезінде.Қаланың қос минареті 1866 жылы таспаға түсірілген екен.Бұл өзбек архивінде сақталған. Қос мұнара кәдімгі алып әткеншектерге орнатылған деседі. Бұлардың бірінің ең төбесіне шығып отырсаңыз Сіз отырған минарет ауа ағымымен тербеліп,екінші мұнараға тұмсық тиерліктей жанаса жақындайды деседі.Ал,екеуінде де адамдар отырса, екі мұнарада қатар қозғалып, ішінде отырғандар бір-бірімен қол беріп амандасарлықтай таяй келіп, мәре-сәре болады екен. Қызық. Адам сенгісіз ақпарат. Сауран қаласы заманында жеті қабат қорғанды дуалмен қоршалған алып қала болған екен. Бұл жөнінде араб саяхатшысы Мақдисидің еңбегінде ерекше айтылған. Жә,сонымен тақырыптың негізі ауанынан айнымайық.

Орта буын және жастар жағы ағылшын режиссері   Питер Джексонның "Властелин колец",  "Хоббит" атты трилогиялық фильмдерін жақсы біледі. Бұл фильмдерде  есте жоқ ескі замандағы перілер,диюлар, құбыжықтар, ергежейлілер мен адамдар арасындағы шайқастар туралы қызықты оқиғалар баяндалады. Зұлымдық пен әділет арасындағы соғыста басты қара күш иелері, зұлым Саурон,Саруман,Уруктар (Оркы) жайлы,олардың өзара бір-бірімен қатынас тілдері де арнайы түсірілімге әр беріп,көрерменін баурап алады.Осы киноларды көріп отырып,ондағы кейбір кейіпкерлермен жер,су атауларынан өзімізге бір жақындықты сезетінмін. Сауран, Урук дегендеріміз ежелгі түркі қалаларының аты ғой. Оның үстіне зұлым күш иелері мен перілердің өзара кейбір аудармасыз (титр арқылы) сөйлеген сөздеріде қазақы ұғымнан алыс емес көрінді. Жалпы, батыста түркілерге қатысты жазбалардың жақсы емес екені белгілі ғой. Сонымен не керек, киноның түп негізін зерттемекке бекіндік.

"Властелин колец" киносы Питер Джексонды әлемдегі ең үздік екі режиссердің біріне айналдырды. Джеймс Камероннан кейінгі түкірігі жерге түспей тұрған киногеріңіздің бірі осы. Аталған туындылары Оскардың 17 жүлдесін жеңіп алған екен.

АҒЫЛШЫНДАР АҚИҚАТТЫ АЙТПАЙ МА?

Режиссер Питер Джексонның бұл киноларына арқау болған негізгі ұстын ағылшын жазушысы Джон Роналд Роул Толкиннің шығармалары екен. Р.Толкин  1892-1973 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол жазушы,ақын, аудармашы,лингвист, филолог. Оксфорд университетінің профессоры болған. Ежелгі аңыздарды,жыр дастандарды зерттеуші. Алғашқы еңбегін 1914 жылы жазған. Ең әйгілі туындылары "Сильмариллион"," Хобит","Властелин колец"  трилогиялары. Бірінің ізін екіншісі баса отырып, оқиғалар желісі тізбектеле баяндалатын бұл шығармалар ертегі,фантастикалық туындыларға жатады деп бағаланған. Ия, оқиғалар желісі тұтас 10 мыңдаған жылдардың арасын қамтиды. СТОП.....Ия, тоқтаңыз!!! 10 мыңдаған жыл??? Мысыр пирамидаларының ең ежелгісі 5 мың жылдан әрі аспайды ғой. Ендеше бұл шығармадағы оқиғалар ертегі болмағанда несі қалды.Ия. Тар шеңберлі кейбір батыс ойшылдары үшін бұл ертегі, фантастика сипатындағы туынды еді. Енді біз өзімізше саралап көрелік.

Р. Толкин замандасы Джеймс Черчвардтың кебін киюден қорыққан-ау шамасы.Сондықтан жоғарыдағы аты аталған шығармаларын баспаға ұсынарда амалсыз қысқартып,көпшіліктің талғамына сай ертегілендіріп отырған секілді.Әйтпесе, 12 томнан тұратын "Жерорта халықтарының тарихы" деп аталатын еңбектеріндегі негізгі оқиғалар желісі мен "Властелин колец","Сильмариллион","Хоббит" ертегі-фантастикалық шығармаларындағы оқиғалардың ауаны бір болғанымен бұлардың 12 томдықтан шеңбері тар екендігі байқалған. Оның үстіне автор аталған еңбектерін баспаға ұсынғанда редакторлық алқа кітаптарын бірнеше рет кері қайтарып жіберіпті. Себебі,тарихи оқиғалар тым күрделі, жалпы оқырманға түсініксіз, кітаптың сатылымына кері әсерін тигізеді деп сылтауратса керек. 

Енді, Джеймс Черчвард кім деген сұраққа тоқталсақ. Бұлда ағылшын зерттеушісі.Архелог, лингвист, тарихшы. Осыдан бірнеше уақыт бұрын мен "Өскен өңір" газетінің сайтына, газетіне "Латын әлібпиінің тарихы көне түркілерден тамыр тартады немесе тарихымыз 34 мың жыл әріден басталады ма? " деген кең көлемді мақала жариялаған едім. Сонда бұл жөнінде жүйлірек баяндалған. Сайтты ашып оқуға болады. Қызығушылығыңыз оянса оқуыңызға болады. Сол Дж.Черчвардтың еңбегінде 34 мың жыл бұрынғы суға батқан тынық мұхиттағы құрлықта жасаған өркениет,патшалық, сол кездегі 64 миллион халық туралы нақты археологиялық тас жазбалар арқылы деректер келтіріледі. 34 мың жылдық пен 15 мың жылдықтың арасындағы оқиғалар тиісті деректермен оқырманға ұсынылған. Күнге табынған халықты Ахау деген қаған басқарған екен. Патшалықтың аты "Уллу-ил" деп аталған дейді.Аудармасы Ұлы ел екен. Әлқиссаны осымен доғарайық. Дж.Черчвардтың осынау "Ежелгі Му құрлығы" атты еңбегін ағылшындар басуға,ғылыми қолданысқа енгізуге үдіре қарсылық танытқан екен. Себебі оқиғалар желісі көне қазақ халқына келіп тірелген. Сол секілді біз әңгіме арқауына айналдырып отырған Р.Толкиннің еңбегіндегі оқиғалар,тарихи деректер желісіде біздің тарихшылардың оң жамбасына жабыса келіп тұр. Тек осыны пайдалана білсек қой шіркін!. Мәселен Р.Толкиннің туындысында біздің жыл санауымызға дейінгі 1 мың жылдықтан әрі қарай 15 мың жылдық арасындағы оқиғалар Қазақстан аумағында орын алғандығы меңзеледі.10 мың жыл бұрынғы халықтар,ұлы шайқастар,қолбасшылар,батырлар,жер-су,қала атаулары қазаққа жақын. Мысалы Айнұр, Назгүл, Урык-хай, Исил-дур, Итил-эн, Дол-Гүлдүр, Балхот, Эорли, Арды деген халық,жер-су аттарын алайықшы. Айнур мен Назгүлге тоқтамайақ қоялық. Эорли деген шатыр тігіп, салт атқа мініп көшіп жүретін халық. "Властелин колец" киносында қоршаудағы соңғы қаланы диюлардан азат етуге келетін салт аттылар армиясы осы Эорлулар.Қазақша Ерлілер. Кәдімгі атқа ер салып мінетіндер. Еуропалықтар 10 мың жылдықты айтпағанда кешегі А.Македонский сарбаздарының өзі ер-тұрманның не екенін білмей кетті ғой. Исил мен Итил кәдімгі Есіл мен Еділ. Балхотыңыз Балқаш көлі ғой. Сенбейсіз бе? Бәлкім күліп отырған боларсыз. Мен бұны тілімізге ұйқас келген соң ойлап тауып отырғаным жоқ.Төмендегі суретте карта тұр ғой. Сол карта Р.Толкиннің еңбегінде бар.  Шығармадағы оқиғалар өрбіген жер.Картада Балхаш көлі, Ыстық көл, Каспи мен Арал қосылып үлкен сулы ойпатты құрап тұр. Арал ойпатының табанында Дол-Гүлдүр қаласы орналасыпты. Қаратау, Орал таулары тұр. Сарыарқада Железные холымы деген жер тұр. Теміртау шығар. Амудария,Сарысу, Шу өзендері анық көрінеді.

СӨЗ СОҢЫ

Неге 34 мың жылдық пен 15 мың жылдық аралығындағы тарихты баяндаған Джеймс Черчвардтың еңбегін еуропа қоғамы қабылдамай қойды???? Неге 15 мың жылдықтан Мысыр пирамидаларының салынар уақытына дейінгі адамзат жасаған кезеңдер аңыз-әфсаналармен баяндалған Р.Толкиннің 12 томдық тарихи шығармасын ағылшын  баспаханасы кері қайтарған???

Ертеде Арал мен Алматы арасында мыңдаған қала болған екен. Халық арасындағы аңыз бойынша "Сығанақтан шыққан лақ Сайрамға дейін шатыр үстінде ойнап барады" деген теңеу бар. Қаланың көптігі ғой. Ал,соның ішінде шоқтығы биік Сауран болса керек. Егер,  ағылшын профессоры Р Толкинге сенсек Сауран патшаның аты. 10 мың жыл бұрын өмір сүрген. Солай болса,солай шығар деп отырмын. Тұңғыш Президенттіңде есімімен Нұр-Сұлтан қаласы аталып тұр ғой. Р.Толкинді тереңдете зерттеу керек. Толкинді түсіну керек. Цензурадан өтпей қалған біраз еңбектері өзі өлгегнен кейін басылған. Әлгі 12 томдық "Жерорта халықтарының тарихи" деген еңбегінің өзін баласы Кристофер Толкин 1980-1990 жылдар аралығында жыртылған жазбаларымен, басқада қағаздарын жиып,құрастыра отырып басып шығарған екен. Дж.Черчвард екеуінің еңбегін түпнұсқадан аударсақ тарихтың біраз ақтаңдақтары ашылар еді-ау.

Император І Александрдың өлімінің құпиясы
Көптің көзайымына айналған Есек Люся
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу