«Естімеймін, балам естімеймін»: Ақтөбеде немересі пышақтаған әженің жағдайы белгілі болды

Oinet.kz 04-12-2025 155

Ақтөбеде немересінің шабуылынан аман қалған 71 жастағы қария есеңгіреп қалған. Ол аталмыш күнді есіне де алғысы келмей, түнде шошынып оянатынын айтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Ақтөбеде анасын пышақтап өлтірді деген мектеп оқушысы әжесіне де ауыр жарақат салған. 71 жастағы әже 2 желтоқсанда түнгі 01:40-та №1 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізіді.

Дәрігерлердің айтуынша, қарияның денесінде көптеген  кесіп-тесілген жарақаттар бар.

Ақмола облысында 14 жастағы оқушы қызды пышақтап кетті

“Бес жерінен жарақат алған, қабырғасы сынған. Кеуде қуысына, іш қуысына жабық жарақат салған. Кесіліп, тесілген жарақаттар аяқ, қолдарында бар екені анықталды. Барлық диагностикалық шара жүргізілді. Инфузионды, шоктан шығару терапиясы жасалды. Қазір жағдайы орташа ауыр. Ем толық жүргізіліп жатыр. “Естімеймін, балам естімеймін" деп ештеңе айтпайды. Әңгімесін айтады. Бірақ сұрақ қойсаң естімейді”, – деді №1 қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Қадірбек Иманбаев.

Дәрігерлер жағдайы орташа ауыр гемодинамикасы тұрақты деп бағалайды. Күн сайын жаралары тазаланып, таңылып жатыр. Онымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу