«23 жастағы фельдшер»: Алматыда жол апатынан қаза болған фельдшердің кім екені анықталды
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы 23 жастағы фельдшер Жаңабаева Насиба Мұхтарқызының қызмет бабында жүрген кезде жол-көлік оқиғасына ұшырап, қаза болғанын растады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, ол жедел жәрдемде тек 4 ай ғана жұмыс істеген. Бірақ жауапты әрі жанашыр маман ретінде өзін көрсете білген.
Ведомство оның қазасы қаланың медициналық қауымдастығы үшін үлкен қайғы екенін атап өтті.
Әріптестері мен басшылық туыстарына көңіл айтып, оның кәсібилігін, мейірімділігін және қызметке адалдығын есте сақтайтындарын жеткізді.
Насиба Мұхтарқызының соңында екі баласы қалды.


