«Туыстары үкіммен келіспейді»: Шымкентте 26 жасар келіншекті азаптап өлтірген оқушыға үкім шықты

Oinet.kz 04-12-2025 85

Шымкентте 26 жастағы әйелді азаптап өлтіріп, денесін қоқыс жәшігіне тастады деп айыпталған жасөспірімге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

Күдікті 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда соттың бұл үкімімен марқұмның туыстары мүлде келіспейді. Олар берілген жаза тым жеңіл дейді.

Еске салайық, шілде айында Шымкенттегі қоқыс маңынан пакетке оралған Диана Оңғарбаеваның мәйіті табылған еді. Жоғалып кеткен оны туыстары он күн бойы іздеген . Үй тазалап, ақша табуға кеткен ол сол күйі оралмаған. Белгілі болғандай оны жұмысқа шақырған жасөспірім келіншекті азаптап өлтірген. Сөйтіп мәйітін түн ішінде қоқыс маңына алып барған. Прокурор айыптау актісін оқығанда оқушы әйелді өлтірген соң зорлағанын  айтқан еді. Алайда сот барысында бұл үкімнің күші жойылған. Өйткені бұл қылмыс дәлелін таппады дейді судья.

«23 жастағы фельдшер»: Алматыда жол апатынан қаза болған фельдшердің кім екені анықталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу