Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әйелдер еркектердің өмірінің өлшемі. Әлемдегі әйелдердің нәсілі мен түсінің өзгешелігіне қарамастан ойлары бір тұстан шығып жатады. Әйелдер өте тұрақсыз жаратылыс. Өздерінің тұрақсыздығында ғана тұрақты. Олардың қазір айтқандары кейде кейінгісіне қарама-қайшы да келіп жатады. Төменде әйелдердің ерлеріне ең жиі айтатын фразалары.
- Сен мені жақсы көресің бе?
- Маған соңғы рет қашан гүл сыйладың?
- Ештеңе байқап тұрған жоқсың ба?
- Бүгін қандай күн екенін ұмыттың ба?
Байқап тұрғандарыңыздай олар үнемі сұрақ қою арқылы еркектер қауымын тығырыққа тірейді.
- Сен көйлек сатып алдым, байқаусызда, екеу...
- Онда теледидарыңмен құшақтасып ұйықта!
- Кете бер, әрине, достарың менен маңыздырақ қой.
- Бірдеңе деші?
- Ештеңе айтпа!
- Солға бұршы... Оңға дедім ғой, әдетің ғой мені тыңдамау.
- Мен ондай нәрсе айтпадым.
- Мен толықпын...
- Сонда мені толық дегің келіп тұр ма?
- Демек досың, жақсы... (ойша кек алу)
- Қазір 1 минут (24 минут)
- Қоқысты ала кет!
- Ренжіген жоқпын.
- Дос болып өмір сүрейікші?!
- Маған ештеңе айтқың келіп тұрған жоқ па? (өте қорқынышты сұрақ)
- Менімен отыра тұршы.
- Сен өзгердің...
Әрине, жоғарыда айтылғандардың кейбірі сіздіңкіне келмей жатуы мүмкін, одан да құйтырқысын айтатын болар. Дегенмен де әйел нәзікжанды жаратылыс. Бірқатар фразалардан әйелдің өзіне қорғаныш, сүйеніш іздейтінін аңғаруға болады. Жалпы әйелді осы қылықты қыңырлықтары үшін жақсы көреді емес пе?