Қарапайым күйеуге тән қылықтар
1. Қарапайым күйеу түннің бір жарымында кәстрөлден тамақ іше салады.
2. Шұлығын кимес бұрын, міндетті түрде иіскейді.
3. Дәрі ішпейді ( өйткені ол еркек, адам емес), тіс дәрігеріне бармайды ( қорқады, бірақ жоққа шығарады).
4. Өз жұмысынан шаршап, үнемі отбасылық бизнес армандап жүреді.
5. Дүкен аралағанды ұнатпайды, киімдері нің ешқашан тозбағанын қалайды. Әдетте гардеробы 2-3 жейдемшемен шектеледі.
6. Жақсы көреді :
*футбол/бокс/охота/балық аулау;
*анасын;
*етті.
Қызығушылықтары осымен шектеледі...
7. Ол теледидар қарағанда зомбидің нақ өзі, еш эмоциясыз, тыныштықта. Ал, әйелдері көріп жатқан фильмі жөнінде пікір айтса, басынан бір қойғысы келіп тұрады. (өз ауыздарымен айтты)
8. Әйелінің мазасы қаша бастаған нан-ақ біржолата көшіп кету жайында шешім қабылдап тұрады.
9. Инстаграмда аз адамға тіркелген, азды кем түсінеді, ешкімге пікір қалдырмай, бейбіт позиция ұстанады.
10. Оның селфи жасағаны бөлек әңгіме.
11. Оның температурасы 38-ге жетіп ауырғандағы түрі жүкті әйелдің босанар сәтіндегісінен де ауыр.
12. Сотта:
- Сіз әйеліңізді неліктен құтқармадыңыз?
- Мен оны суға батып жатқанын, білмедім, әдетінше айқайға салып жатты ғой, қайдан білейін...
13. Жан дүниесінде, қанша жерден мойындамағынымпен де, бала!