«Forbes» журналы
«Forbes» 1917 жылы американдық баспагер Берти Чарльз Форбстің басшылығымен құрылған және қазіргі күнге дейін басылып жүрген журнал.
Forbes – әлемдегі жетекші іскерлік журнал. Журналдың басты миссиясы – оқырмандарды табысқа кепілдік беретін ақпаратпен қамтамасыз ету. Басылым бәсекелестерінен кез келген зерттеуді қорықпай жүргізе алатынымен, кез келген дүниені атымен атап, түсімен түстей алатынымен ерекшеленеді.
Forbes оқырмандарын ақпарат ең жоғары экономикалық құндылығын жоғалтпай тұрып, басқалардан бұрын маңызды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Тәуелсіз ойшылдар үшін жаңа перспективалар мүмкіндігі. Forbes өз оқырмандарына өзінің іскерлік және қаржылық мүмкіндіктерін капиталдандыруға көмектеседі.
Forbes журналы — бұл экономиканың түрлі салаларында жақсы білетін кәсіби журналистер мен редакторлардың командасы: қаржы нарықтарынан бастап тұтыну тауарларын өндіруге дейін, отын-энергетикалық кешеннен бастап жоғары технологиялық бизнеске дейін. Forbes компаниялардағы ақпараттарды бірінші болып алып отырады және ең хабардар ақпарат көздерінен жаңалықтандырылып отырады.
Журналдың тұрақты авторлары – белгілі экономистер, саясаттанушылар мен тарихшылар.
Журналдың Штаб-пәтері Нью-Йорк орталығында 5-ші авенюде орналасқан. 2006 жылдың маусым айындағы мәліметке сәйкес: Бас редактор-Вильям Болдуин; баспагер — Ричард Карлгаард.
Журналдың девизі: «Капиталисттің басты қаруы»
Forbes – бұл соңғы жылдары әлемдегі ең ықпалды және дәйексөзді басылымдардың бірі, сондай-ақ орналастырылатын жарнама көлемі бойынша медиаиндустриядағы әлемдік көшбасшы болған журнал. Бүгінгі күні Forbes Inconsulting компаниясының айналымына қатысты нақты деректер жоқ. Стивен Форбс табысы туралы ақпаратты ашпайды. Бірнеше жыл бұрын корпорация Президентінің жағдайы $400 млн-ді құраған (әкесінен мұраға қалған $1,4 млрд есепке алмағанда). Форбс өзіне-өзі төлейтін жылдық жалақы шамамен $ 1,2 млн екені ғана белгілі.