Дональд Трамп жайында қызықты фактілер

Oinet.kz 01-08-2019 2043

Дональд Трамп  АҚШ-тың қазіргі уақыттағы 45-ші президенті.

1476997373-2352.jpg

1.Дональд Трамп әскери училищеде оқыған, ол онда өзінің бұзақы қылықтары үшін тап болған екен. Трамптың ата-анасы оны әскери училищеге мектептегі нашар мінез-құлқы үшін ғана емес, сонымен қатар әскери қатаң тәртіп пен білім оның айналасындағыларға деген қарым-қатынасын түсейді деп ойлаған.

2. Дональд Трампты гермофобтар (микробтардан үрейленетін адам) қатарына жатқызуға болады. Кейде оның тіпті лауазымды кісілермен қол беріп амандаспаған кездері де болған, мәселен Владимир Путинге, Петр Порошенко және Еуропа, Азия және Американың басқа да президенттеріне қол бермеген. Алайда кейбір БАҚ бұл жағдайларды саяси белгі деп қарастырады. Мүмкін.

3. Дональд Трамп бірнеше рет Росизмнен байқалған болатын. Президент басқа нәсілдер жайында айтқанды жақсы көреді, тек жақсы жағынан ба? Және президент болмастан бұрын, жылжымайтын мүлікпен айналысқан сәттерінде, өзіне ұнамайтын ұлт өкілдеріне пәтер бермеген.

4. Трамп киноға бірнеше рет түскен, алайда бұл бағытта жетістікке жете алмады. 1990 жылы "Призрак мұны істей алмайды" фильмінде "Раззи" рөлін сомдағаны үшін ол екінші жоспардың «ең нашар рөлі» үшін сыйлық алды.

5. 1982 жылы туған ағасы ішкіліктен көз жұмуына байланысты, Трамп мүлде алкаголь өнімдерін тұтынбайтынын айтқан болатын. Алайда, фуршет үстелінен шампан бокалымен бірге суретке түсіп қалған кездері де аз емес, өзініңкі емес шығар деп те ойлауға болады, әрине.

6. Бір күні, белгілі SPY журналы Американың ең бай адамдарына 13 центке бағаланатын чек жібереді, чекті ақшаға айналдырған екі ғана адам болған, біріншісі қару-жарақпен айналысқан миллионер, ал екіншісі Дональд Трамп болды.  Бар болғаны 50 теңге үшін банкке баруға қалай ерінбеген? Ерінбей президент атанды.

7. Дональд Трамп 27 жылда 14 000 пәтер меншігінде болды, сіз өзіңіз елестетесіз.

8. Дональд Трамптың үстінен оның іскер әріптестері 3500 рет шағым түсірген, көбісі оны әліге дейін де аферист деп санайды.

9. Дональд Трамптың жалғыз комплексі ол оның саусақтарының өлшемі, нақтысы қысқалығында. Трампты ұялту үшін оның саусақтарына қарай жеткілікті болар, олай болса.

Ер-азаматтардың меңі қандай сыр шертеді
«Forbes» журналы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу