Ер-азаматтардың меңі қандай сыр шертеді
- Егер, меңі оң жақ маңдайында болса, ол адам өзі армандаған бақытқа жетіп, атақ-даңққа бөленеді.
- Керісінше, сол жақ маңдайында болса, онда ол махаббаты баянды болады.
- Құлақтарында болса, сабырлы, салмақты. Жаны тыныштықты жақсы көреді.
- Иектерінде меңі болса, айналасындағылардың сый-құрметіне бөленгенді мақсат тұтады.
- Көздерінің айналасына бітсе, қызу қанды, ұшқалақ, ой-санасы таяз, ойынпоз келеді.
- Оң жақ бетіндегі мең - сезімге сараң, арманға шабандығын аңғартады.
- Сол жақ бетіндегі мең - сезімге бай, өмірге құштарлықтың белгісі. Бақыт-байлыққа оңай қол жеткізеді.
- Мұрындарының ұшында болса, аңқау, сылбыр, ақкөңіл болғаны.
- Еріндерінде меңі барлар, негізінен тұйық, бір тоға болғаны.
- Үстіңгі еріндегі мең - адал, арамдығы жоқ, еңбекқор екенін білдіреді.
- Астыңғы еріндегі мең - махаббатқа қаталдау, суық жүзді келеді.
- Меңі төске бітсе, өмірден өз сыбағасын алары көп болады.
- Қолдарының білектеріне біткен азаматтар, отбасын, жеке шаруасын барлығынан биік қояды.
- Қолдарында болса, білімге жіті көңіл бөледі.
- Мойынына бітсе, көрер тауқыметі көп болғаны.
- Иықтарының үстінде болса, жұмыс басты, іскер, дегенмен, төккен терінің жемісін аз көретін азамат.
- Жауырындағы мең - сыр жасырмайтын, жан дүниесі таза дегенді білдіреді.
- Аяқтағы меңі үлкен болса, ізін жалғастырар ұрпағы көп болады,- деп халқымыз болжалдап, баға берген.