Психологиялық тест: «Қайсысы ұры деп ойлайсыз?»
1- сурет.
Сіздің түйсігіңіз өте жақсы дамыған. Шешім қабылдар сәтте осы түйсігіңізді қорықпай қолдана берсеңіз болады.
- Адамдармен тез тіл табысып кете аласыз.
- Кез келгеннің жақсы-жаман пиғылын сезіп тұрасыз.
- Ең жақсысы - мәселені дау-дамайға дейін жеткізбей шеше аласыз.
Мақтанарлық қасиеттер
2 - сурет.
Сіз кез келген шаруаға икемдісіз. Тактикалық ойлау қабілетіңіз керемет дамыған. Жұмыстың техникалық бөлігін шемішкеше шағасыз, бірақ адамдармен тіл табысуда сәл-пәл ақсап тұрсыз.
Өйткені:
- Аңқаулаусыз, осыны көбі пайдаланады.
- Адамдардың бәрін өзіңіздей көресіз.
- Өте сенгішсіз, сізді алдау өте оңай.
Сондықтан сізге араласатын орта мен дос таңдауда аса сақ болу керек ☝️Өзіңізді алдауға, пайдалануға жол бермеңіз. Аса қатты таныс емес адамдары өзіңізге көп жақындата бермегеніңіз жөн.
3 - сурет.
Сіз - интелектуалсыз! Философияны сүйесіз, біліміңіз де баршылық. Кез келген істің майда-шүйдесіне дейін мән беріп, жауапкершілікпен атқарасыз.
- Адамдарды тани білесіз.
- Кіммен сөзіңіз жарасатынын бірден сезіп қоясыз.
- Нақты-нақты сөйлейсіз.
Сізге шағын кеңес: Ортада сәл қарапайымдау болыңыз. Біліміңізді кез келген жерде шаша берудің қажеті жоқ. Адамдар сізбен әңгімелескенде тез жалығып кетуі мүмкін.
4 - сурет.
Сіздің дедукциялық қабілеттеріңіз керемет дамыған .Нағыз тактиксіз және стратегсіз. Сізден ештеңе жасыру мүмкін емес. Мәселені түбіне дейін қопарып кетесіз.
- Біреулердің іс-әрекетін болжай аласыз.
- Тез тіл табысасыз.
- Адамының мінезін оқитын да қабілетіңіз бар.
Осындай жақсы-жақсы қасиеттеріңіздің барына қарамастан бір жерлерге барғанды ұнатпайсыз. Адам көп жерлерден қашасыз. Сізге тұрақты араласатын орта мен достар табу артық етпейді.