Психологиялық тест: «Қазынаға толы әмиянның бірін таңдаңыз!»
Бірінші алтын түсті әмиян. Сіз алтын секілді үнемі жарқырап, сұлуланып жүресіз. Сондай-ақ, сізге қызығушылар да жеткілікті. Өзгелерді өзіңізге магнитше тартасыз. Бұл сіздің сөзіңіз бен әрекетіңіздің үйлесімділігінің белгісі. Сонымен қатар, сіз табанды жансыз. Айтқанынан қайтпайтын, бірбеткейлігіңіз сізді биікке ұмтылдырады. Тек алға!
Екінші қызғылт әмиян. Энергиясы мол және өте сабырлы адамдар қызғылт түсті әмиян таңдайды. Өзіңіздің жаныңызға жақын іспен айналысқанды ұнатасыз. Айналаңыздағы адамдар сіздің жеке қызығушылығыңыз бен табандылығыңызға қарап тағдай қағады. Көбісі сіз секілді болғысы келеді. Сіз үлгі тұтуға лайық жансыз!
Үшінші қара әмиян. Достарыңыз сізді өте ақылды деп санайды. Расымен солай. Өзіңізге не керек екенін білесіз! Үнемі ізденіс жолында жүресіз. Сіз сөзге қарағанда іс-әрекетті маңызды деп санайсыз. Cіздің әрекетіңізбен таңданыспен қарайтындар көп. Көбісі сізді өзіне кумир санайды, сол себепті сіз әр басқан қадамыңызды аңдап басуға тырысасыз.
Төртінші қызыл әмиян. Қызыл әмиянды таңдаған болсаңыз сіздің көшбасшылық қабілетіңіз бар. Қандай мәселе кезіксе де лезде шешуге тырысып, оңай жолын қарастырасыз. Басқарушылық қасиетіңіздің арқасында да адамдарды басқаруда қателік жіберген емессіз. Сіз мықты басшысыз.
Бесінші күміс түстес әмиян. Шығармашылық адамысыз. Өзгелердің жан дүниесін түсінетін, жоқтан бар жасайтын жансыз. Өзгелерге таптырмас кеңесшісіз. Көбісі сізден ақыл сұрағанды жөн көреді. Өйткені, сіз адамдармен қарым-қатынаста жұмсақтық танытасыз. Өзгелерді түсінуге дайынсыз. Өзгелерге көмектесуден бақыт табасыз. Бұл сізге барлық уақытта жақсылық пен керемет көңіл-күй сыйлайды.
Алтыншы күлгін түсті әмиян. Жақсылығыңыз бен өмірді еһшексіз сүйетіндігіңізбен ерекшесіз. Адамдардың тек қана жақсы тұстарын көресіз. Көңілсіздену және ренжу деген нәрсені мүлде білмейсіз. Сөзіңіз бен әрекетіңіз сәйкес келеді. Бір сөзбен айтқанда сізге екіжүзділік мүлде ұнамайды.