Психологиялық тест: «Балауыздың бірін таңдаңыз!»
Суретте берілген 6 балауызға мұқият қарап, бірін таңдаңыз! Шеміміңіз сіздің мінезіңіздің кейбір қиын тұстарын көрсетіп береді.
Бірінші қызыл балауызды таңдаған болсаңыз, сіз өте қамқор жансыз. Айналаңыздағыларға үнемі қолдау білдіресіз. Олардың ішкі мұңын тыңдауға тырысасыз. Олар сізді өзінің кеңесшісі ретінде санайды және құрметтейді, сыйлайды. Бір уақыт өзіңізге де көңіл бөлуге тырысыңыз. Тауға сапар шегіп, бір сәт тынығыңыз! Онда сізді үлкен тосын сый күтіп тұр.
Екінші алтын түсті балауыз, жан дүниеңіз бейбітшілік пен тынышқтықты қалап жүр. Моп-момақан, жуас болып жүрсіз. Сізге әлдебір фактор әсер еткен болу керек. Еш мойымаңыз. Бұрынғы қалпыңызға келіңіз. Жаздай жадыраңқы, көктемдей көңілді жүретін шағыңызға қайта келіңіз. Біреуге ренжіп жүруге, өкпе артуға өмір тым қысқа. Алдағы уақытта, сізді үлкен табыс, романтикалық сәттер күтіп тұр. Ұмтылыңыз! Тек алға!
Үшінші жасыл балауыз. Сіз керемет көңіл-күй мен жақсылықтың балауызын таңдадыңыз. Әрбір істің жарық және жақсы тұсын көруге тырысатын шығармашылық адамысыз. Өміріңіз шытырман оқиғалар мен ғажайыптарға толы. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмайсыз. Осы мінезіңіз сізді әлі талай биіктерге көтермек. Табысты боласыз! Алған бетіңізден қайтпаңыз! Мықтысыз!
Төртінші сары балауызды таңдаған болсаңыз, сіз жүйкесі мықты, шыдамды жансыз. Өзгелердің сіз туралы пікіріне, ойына назар салмайсыз. Бұл - жақсы. Демек, сіздің иммунитетіңіз мықты деген сөз. Алайда, тек қана жұмыс, жұмыс демей басқа істермен де айналысқаныңыз жөн. Байқаймын, көп достарыңызбен арақатынасыңыз бұрынғыдай жақсы емес. Мүмкін болса олармен көп уақыт өткізуге тырысыңыз. Әрбір уақытты қызықты өткеруге тырысыңыз!
Бесінші ақ балауыз, даңқ пен өркендеудің балауызын таңдадыңыз. Жолыңыз болды деген сөз. Алдағы уақытта жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Өсу. Жаңа даму. Алға ұмтыла беріңіз. Осы бетіңізден тайынбаңыз. Сіздің қолыңыздан келеді. Жеке өміріңізде де тұрақтылық орын алмақ. Ол сіздің жауабыңызды күтіп жүр! Тек дұрыс шешім жасай біліңіз!
Алтыншы көк балауызды таңдаған болсаңыз, ол құрмет пен адалдықты білдіреді. Адал достарыңыздың ортасында құрметіңіз одан әрі арта түспек. Басқалармен қарым-қатынасты жақсы ұстай білгеніңіздің арқасында биіктерден көрінесіз. Ол ортада құрметіңіз артады. Жолыңыз болды! Әрі қарай білек сыбана іске кірісіңіз!