Қазақстанда балалардың қайда жүргенін анықтайтын жүйе енгізіледі

Oinet.kz 25-01-2021 1034

Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

навигация.jpg

- Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын ілкі жобаларға тоқталып өтсем. Бұл – баланың жүрген жерін анықауға мүмкіндік беретін «Тап мені» балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады, – деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Нұрділдә Ораздың атап өтуінше, баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады.

- Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі, – деді Нұрділдә Ораз.

«Кеңес үкіметінің менталитетінен шыға алмай жүрміз» - Дос Көшім (видео)
«Анау Дина Төлепберген жүргізетін бағдарламаны жек көрем» - танымал журналист
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу