«Кеңес үкіметінің менталитетінен шыға алмай жүрміз» - Дос Көшім (видео)

Oinet.kz 25-01-2021 1226

Қазақстандық белгілі саясаткер Дос Көшім Ресей елінің орбитасынан іргені алшақ ұстау керектігін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.  

Дос Көшімм.jpg

- Құдай бетін аулақ қылсын мұндай одақтастан. Әңгіме керек десеңіз онда емес. Әрине, біз қатар отырған елміз, көрші елміз. Тарихымыз бір. Ол жердегі демократияның орнауы, әділетті қоғамның болуы бізге өте күшті әсер етер еді. Ал, қазіргі кезде Ресейдің ұстанымы, сыртқы саяси ұстанымы, көзқарасы басшыларының жаңа империялық тұрғыдағы іс-әрекеттері. Мен өз басым шамамыз келсе ауылымызды алысырақ салғымыз келеді. Бірақ, қайда кетеміз!? Біз көршіміз ғой. Бірге отырғаннан қашып құтыла алмайсың. Бірақ, олардың орбитасынан қашуымыз керек. Шамамыз келгенше. Олардың орбитасы Еуразиялық одақ. Олардың орбитасы Кедендік Одақ. Олардың орбитасы әртүрлі екіжақты біздің мемлекетаралық келісіміміз. Олардың орбитасы олардың кешегі тілдес, діндес Украинаға жасап отырған қазіргі қоқан-лоқы, агрессиялық саясаты. Осылардың бәрі олардың орбитасы. Иә, кей уақыттарда біз оларды қолдамай қалыс қаламыз, амал жоқ қорыққаннан барып, соңына ереміз. Біз әлі олардың орбитасынан шыққан жоқпыз. Және де ең қызығы мені таңқалдыратын біз екі жүз жылдай солардың отарында болып, тілінен, дінінен айырыла жаздаған халықпыз. Біз қалай дос боламыз. Мектепте солардың әдебиетін оқимыз. Ондай ел еш жерде жоқ. Әлем әдебиеті емес біз тек орыс әдебиетін оқимыз. Неге? Осында 19% орыс болғандықтан ба? Қысқасы біз әлі күнге дейін Кеңес үкіметінің психологиясынан, менталитетінен шыға алмай жүрміз және шыққымыз келмей жүр. Біздің басшыларымыз. Халықтың шыққысы келетін шығар - дейді Дос Көшім. 

Шымкентте мүгедек қызы зорланған ана жанайқайын жеткізді
Қазақстанда балалардың қайда жүргенін анықтайтын жүйе енгізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу