Сұлулық құрбандықты талап етеді ме?

Oinet.kz 24-07-2019 1820

Сұлулыққа қатысты параметрлер жиі жаңарып отырады. Біріне ілесіп, екіншісіне үлгірмей қас-қағымда «мінсіз келбетті» арулардың тізімінен өшесіз. Жапсырылған кірпік, татуаж қас, мінсіз тұлғаға толыққанды азапты қадамдарды қажет етпеді. Қаржыны да жанды да аямай келбеттік түрлі «жетістіктерге» қол жеткізуге болады. Әрнәрсеге әсемпаз болып, әдемілік үшін құрбандыққа бару дәуірлер бойы жойылмайтын үдеріс. Назарларыңызға «Сұлулық құрбандықты талап етеді» пікірінің шығуына негіз болған жағдаяттарды ұсынамыз.

08a8c3d42339.jpg

Егер сіз 3,5 мың жыл бұрын Египетте өмір сүрген болсаңыз, «сұлулық» үшін үлкен азаппқа төзуіңіз қажет болатын. Ол кезде мінсіз келбет үшін  денеңіздегі түкпен қатар шашыңызға да депиляция жасауыңыз керек еді. Және қасыңыздың қалың әдемі көрінуі үшін күн сайын белладонна шырынын тамызып, қара көрінуі үшін мыс көмірқышқылымен бояуға тура келетін еді.

Rs7_uGEuAR8.jpg

XVIII ғасырда Францияда: кішкентай әсем бас, тар иық, жіңішке бел мен жуан бөксе- әйелдер сұлулығының символы еді.Осы пішінге ол жеткізу үшін нәзік жандылар ауа жұтуға кедергі келтіретін түрлі корсеттерді киетін.  Мәдениет пен этиканың озық үлгісін Француздардан көп байқағанымызбен Орта ғасырларға дейін оларда «көзсіз сенімдер» үстемдік құрды. Діни нанымына байланысты олар ғұмырында 2 рет қана шомылатын. Бастапқысы туғанда, екіншісі отау құрғанда. «Баланы шоқындыру рәсіміндегі қасиетті су екінші қайтара жуынса, кетіп қалады» деген сенім оларды мүлде жуынбауға жетеледі. Ал бізге таңсық түйілетін француз парфюмдары хош иіс жасау үшін емес, сасық иісті жасыру үшін жасалған. Ал жасанды шаштарды ақсүйектерге тән сән-салтанат құру үшін емес, жуылмаған түрлі паразит қаптаған бастарын жасыру үшін киетін. Жасанды шаш (парик) бағасы жоғары болғандықтан тек ауқатты отбасы мүшелері сатып алатын.

162.jpg

Ертеде, шамамен X ғасырларда Қытай императорына өнер көрсететін Ю есімді бикеш інжу-маржанмен көмекерілген алтын тұғырдың үстіне шығып билейді екен. Тұғыр лотос гүлінің күлтелері формасында безендіріліпті. Император сол бикештің кіп-кішкентай аяқтарын мақтап отырады-мыс. Шамамен сол кезден бастап «алтын лотос» аяқтар сәнге еніпті. Сөйтіп, патшалық жаппай осы сәнге бас қойып, ғасырларға созылған қыздарды қинау дәстүрі басталады. «Алтын лотосқа» қол жеткізу үшін – табанның ұзындығы 8 сантиметрден аспауы тиіс. Аяқ өлшемін 4 сантиметрге жеткізгендер де бар екен. Үнемі қайырылып байланған аяқпен жүру дене пішінін өзгертеді. Әйелдердің бөксесі ісініп шығады, омыртқа жүйесіне орасан салмақ түседі.. Қаңқа сүйектерінің салмағынан ішкі ағза мүшелері зардап шегеді. Қытай әйелдері сұлулық үшін тым қымбат құн төлеген екен. Бізге мұны түсіну қиын, бірақ мылжаланған қорқынышты аяқтарын әйелдер мақтан тұтса, еркектерді ерекше елітетін болыпты. Бірақ бұл үдеріс өткен ғасырдың орта шенінде «трэндтен кеткен».

12834181.jpg

Солтүстік-шығыс Конголық Мангбету тайпасы «липомбо» жасанды бас пішінін сопақша ету процессімен әйгілі. Липмбо жоғары мәртебе мен сұлулықтың символы ретінде қарастырылады. Басты жасанды формаға келтіру бала бір айлық кезінде бастау алады. Басты кенеппен қатты қысып байлау әдісі бүдіршіннің денсулығына кері әсерін тигізбеді. Бірақ Бельия үкіметі 1950 жылы липомбо басын жасау үшін «жауыз әрекетке» баруға тиым салды.

Шынында қоғам белгілеген сұлулық стандарты сізге комфорт сыйламауы мүмкін. Онда сіз табиғи қалыбыңызды сақтауға тырысыңыз. Өз бағаңызды түсіріп, біреуге ұнау үшін өзгеру сіздің сеніміңізді өлтіреді. Сұлу-сұлу емес, сүйген-сұлу екенін ескеріңіз. Сұлулыққа құрбандық жасамай жетуге де болады. Ол өзіңізге деген биік сенім арқылы келеді.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Әйел сырын әйелден сұра...
Ұлыбританиядағы ең ұзын полицей
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу