Ұлыбританиядағы ең ұзын полицей

Oinet.kz 25-07-2019 1062

Screenshot_2.jpg

Энтони Уоллин Ұлыбританиядағы ең ұзын полиция болып табылады. Оның бойы - 2 метр 18 сантиметр. Аяқ киімінің өлшемі 17. Әріптестері Энтонидің бойы еңгезердей болғанымен жүрегі жұмсақ дейді.

«Жұмысқа алғаш тұрғанымда қызық болды. Маған лайықты форма табылмады. Сол себепті төрт ай бойы қызметтік киім кие алмадым. Көшеде мені көргендер тоқтатып, суретке түскенді ұнатады. Бойшаңдықтың жұмысқа пайдасы көп. Мәселен тобырдың арасында оқиғаны оңай бақылап тұрамын»,- дейді ол.

Ұзын полицей әйелі Денни және ұлы Джошуамен бірге Суррей аймағында тұрады. «Ұқсамасаң тумағыр» демекші, ержетіп келе жатқан ұлының бойы әкесінен асып түсетін түрі бар. 

Мұрағаттан, 2016 ж

Сұлулық құрбандықты талап етеді ме?
Қай елде вокзал, әуежай жоқ екенін білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу