Әйел сырын әйелден сұра...
Небәрі 36жас ғана жасап, қысқа ғұмырында Голливудтың ұлы актрисасы бола білген Мэрилин Монроның қанатты сөздері:
- Менде де сезім бар. Мен бұрынғысынша адаммын. Маған бар керегі,шын мәнінде сүйікті болу.
- Өмір бойы мен көрермендерге тән болдым. Ұлы адам болғандықтан емес, басқа ешкімге де керек болмағандықтан.
- Мен бұрын сүйікті болу деген - қалаулы болу деп ойлайтынмын. Ендігі жерде сүйікті болуды біреудің тас-талқанын шығарып билеп алу деп түсінемін.
- Әйелге біз өкшелі екі туфли берсеңіз болды, ол бүкіл әлемді бағындырады.
- Әр бойжеткен мынаны ұмытпауы керек. Оны қажет етпейтін адамдардың оған да қажеті жоқ.
- Иіссуды жақсы көрмейтін әйел жоқ, тек өзінің иісін таба алмай жүрген әйел ғана бар.
- Өмірде өзіңе ең керек жалғыз нәрсені әдетте ақшаға сатып ала алмайсың.
- Әйелді тек тағдырдан теперіш көрген ер адам ғана балағаттай алады.
- Мен өзімшілмін, шыдамсызбын, өз-өзіме сенімсізбін. Қателік жіберем, өз-өзімнен шығып кете аламын, кейде менімен бірге болу оңайға түспей жатады. Бірақ егер көңілімнің хошы келмей тұрғанда менімен сөйлесе алмасаңыз, көңіл-күйім жақсы кезде де сөйлесуге лайық емессіз.
- Бізде әйелдерде тек екі қару бар: тушь және көз жасы. Бірақ екеуін де бір уақытта қолдана алмаймыз.
- Ақша - бұл бақыт емес, сауда.
- Мен бұл дүниедегі жалғыз әйел бола алсам, ер адамдар басқаратын әлемде өмір сүруге келісемін.
- Шынымды айтсам, маған тек жақсылықты көретін адам керек емес, маған жаман нәрсені көре тұра менімен бірге болғысы келетін адам керек.
- Олар мені ақымақ деп айтқан кезде ренжімеймін - мен олай емес екенін білемін.
- Әрқашан өзіңе сен, өйткені сенбесең, басқа кім сенеді?