Әдетіңіз - дертіңізге айналмасын...

Oinet.kz 24-07-2019 1177

Screenshot_2.jpg


Прокрастинация  (ағыл. кідірту)– жалқаулық пен маңызды істерді кейінге қалдыру әдетінің ғылыми атауы. Барлығымыз да кейде маңызды шаруаларды белгілі бір себептермен кейінге қалдырамыз. Алайда адам жиі себептер мен сылтаулар айтып тастауды әдетке айналдырса – үлкен мәселе тудыруы сөзсіз.

 Прокрастинациямен қалай күресеміз?

- Өз күніңізді жоспарлаңыз.

- Маңыздылығына қарай күнделігіңізге бөліп жазыңыз. Мысалы: шұғыл, маңызды, шұғыл емес

- Сондай-ақ жоспарыңыз орындалуы үшін мотивация болуы шарт. Алға жетелейтін адамның арманы. Сол себепті армандаңыз, алға мақсат қойыңыз.

- Өз жоспарыңызды орындалу мерзіміне қарай бөліңіз. Мысалы, бүгін, бір апта, бір ай, бір жыл.

Фаббинг – ұялы телефонның тым көп уақытын бөлетіндердің тобын айтады. Фаббинг ( ағылш. phubbing - мән бермеу, phone - телефон) - кездесу кезінде смартфонға алаңдай беру әдеті. Яғни фаббингті тәуелділік десе де болады. 

Бұл терминді 2012 жылы McCann жарнама агенттігінің қызметкері ойлап тапты.

Фаббинг әдеті күнделікті қарым-қатынасты бұзып қана қоймай, адамның псиxикасына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар әлеуметтік желіде маңызды жаңалықтан қалып қоямын деген қорқыныш тудырады.

Эскапизм (ағылш. тілінен escape - қашу) - адамның шындықтан қиял әлеміне қашу ұмтылысы. Яғни адам шынайы өмірден қашып, айналасындағы сәтсіздіктерден құтылғысы келеді.Көбінесе бұл жағдай мынадай факторлар орын алған кезде байқалады: депрессия, қалағанының болмауы, күнделікті жұмысының әсерінен пайда болатын стресс, жеке мәселелерге қатысты кез келген белсенді қызмет және тағы басқа.Сонымен қатар теледидар көру, кітап оқу, медитация да эскапизмге әкелуі мүмкін. Эскапизм кезінде адам алыс жаққа кеткісі келіп, қоғамдағы құндылықтарға деген қызығушылығы жоғала бастайды.Бұл термин дерт түріне жатпайды. Онымен қоса эскапизм стрессті жеңіп шығып, өз-өзіңді қалыпқа келтіруге көмектесуі мүмкін. Бүгінде шынайы өмірден қашудың неше түрлі жолдары бар: компьютерлік ойындар, кино, интернет және т.б

FOMO (ағылш. felling missing out) - маңызды нәрсені жіберіп алудан қорқу. Бұл синдромның белең алуына әлеуметтік желінің ықпалы жоғары. Себебі әлеуметтік желіде отыратын адам өз өмірін жақсы жағынан көрсеткісі келіп, басқаларын бақылап, FOMO синдромына ұшырайды.

Яғни әлеуметтік желідегі басқалардың өмірі сіздікінен де керемет болып көрінеді. Тек сіз ғана өзіңізді барлығынан қалып қойған сияқты сезінесіз.

Эмпатияңыз қандай деңгейде?
Әйел сырын әйелден сұра...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу