Instagram, facebook платформалары сотқа тартылуы мүмкін
АҚШ-тың сегіз штатының тұрғыны Meta корпорациясының үстінен Facebook пен Instagram балаларға зиян тигізіп жатқанын айтып, федералды сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды The Register басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Техас, Теннесси, Колорадо, Делавэр, Флорида, Джорджия, Иллинойс және Миссури штаттарының федералды соттарына шағым жіберілді. Ата-аналар Meta әлеуметтік медиа платформалары балалар мен жасөспірімдердің тәуелділігін тудыратындай етіп жасалған деп топшылайды. Айтуларынша, тамақтану жүйесінің бұзылуы, суицид, депрессия және ұйқының бұзылуына олардың контент қарауы себеп.
"Жастар арасында әлеуметтік медианы пайдалану елдегі психикалық денсаулық дағдарысының негізгі факторы ретінде қарастырылуы керек", – деді істі қарастырып жатқан адвокат Энди Берчфилд.
Оның пайымдауынша, қосымшалар кез келген қауіпті алдын алу үшін жасалуы керек еді, бірақ оның орнына корпоративтік пайда үшін жасөспірімдерді агрессивті түрде өздеріне жинап жатыр.
"Бұл компанияның әлеуметтік медианың біздің қоғамның ең осал бөлігіне, жеткіншектерге, олардың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатына зиянды әсер еткенін мойындайтын, сондай-ақ осы ретте алгоритмдер мен бизнес мақсатын өзгертетін уақыты келді", – деді Берчфилд.