Психологиялық тест: Жануарлардың бірін таңдаңыз!

Oinet.kz 15-05-2020 8038

1. Аю. Бұл жандар өте мықты батылдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, көптеген жағымды қасиеттері де бар. Мәселен, аюды таңдағандар өте сабырлы болып келеді. Олардың ішкі күші кез келген адамды жұбатуға, тыныштандыруға жетеді. 

image.png

2. Көбелек. Көбелек таңдаған адамдардың ішінде керемет бір ішкі жарық, жылулық бар. Олар басқа адамдар үшін нағыз бақыт пен үміттің сәулесі болып есептеледі. Мұндай адамдар өзгерісті өте қатты жақсы көреді және "зона комфортадан" жиі шығады.

3. Мысық. Өте күшті интуиция иелері. Кез келген ситуацияда өз ойын айта алады жән көпшіліктің соңына еріп кете бермейді.

4. Тышқан. Мұндай адамдар батыл шешім қабылдап, жүзеге асыра алады. Бірақ, көлеңкеде қалғанды көп құптайды. Олар өз алдында бәсекелес болғанда ғана әрекетке көшеді. Сосын мұндай адамдар таза бәсекелестікте жеңгенді жақсы көреді.

5. Қарға. Өз ойымен, қалауымен өмір сүретін жандар. Бұл топтағы адамдар ешқашан аяқасты немесе ойламаған жерден шешім қабылдамайды. Бұл жандар барлық нәрсені өз мәнерімен, бабымен жасай алады. Бірақ, шектен тыс эмоцияны тоқтатып отыруға тырысады.

6. Жылқы. Бостандықтың, тәуелсіздіктің қайсар қадірлеушілері. Бұл топтағы адамдар ерекше мықты ішкі күшке ие. Олар өз алдына әртүрлі мақсаттар, тапсырмалар қойып, оны жылдам жылдам шешкенді жақсы көреді.

7. Дельфин. Шығармашылық дамыған, өте позитивті тұлғалар. Бұл топтағы адамдардың бойында өте күшті мақсатқа деген талпыныс бар. Олар өмірде нені қалайтынын нақты біледі және жоспарлы түрде армандарына қарай қадам жасай алады. 

Билік басындағы Біртановтар
Шегіртке деген қандай жәндік?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу