Шегіртке деген қандай жәндік?

Oinet.kz 14-05-2020 2875

Қазір қоғамда әншілерді секендеген «шегірткеге» теңеп жүр. Бұл дегеніміз мектеп кезімізде оқыған Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалындағы жаз бойы сайран құрып, шырылдап ән салып жүрген шырылдауық шегіртке.r_nitidula_larregle.png

Ал әншілерді теңеген «шегірткенін» қандай жәндік екенін білесіз ба?

Шегіртке – қысқа мұрттылар тобына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңызды тұқымдастарының бірі – нағыз шегірткелер. Әрі  шегіртке тікқанаттылар отрядына да жатады.

Қара және көк шегірткеның басты айырмашылығы – денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы. Біздің елде шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелер үйірлі және саяқ болып бөлінеді.

Екеуінің айырмашылығы – жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып, мыңдаған гектар жерді басып, бір күн ішінде бірнеше ондаған шақырым жерге орын ауыстырып ұша алады. Үйірлі шегірткелердің негізгі тұрағы – Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш, Алакөл көлдері жанындағы қалың қамыстары. Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады , 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г көк жем жейді , ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді . Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай , үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді , сонымен қатар қырыққабат , қарбыз , күнбағыс және тағы басқа қоректеніп , біршама зиян келтіреді.


Психологиялық тест: Жануарлардың бірін таңдаңыз!
Психологиялық тест: Қай сөмкені таңдайсыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу