Билік басындағы Біртановтар

Oinet.kz 01-05-2020 1102

Қазақта «ағасы бардың жағасы бар» деген жақсы сөз бар. Билік басында отырған әрбір шенеуіктің артында тұрған «ағасы» бар екені бәрімізге мәлім. Ал билік басында отырған ағалы-інілі шенеуіктер туралы айтқанда бірден Біртановтар жайлы сөз қозғалады. Билік басындағы Біртановтар кімдер?

cad3e275-ae6a-4980-9515-5f74503c0c4f.jpg

Біртановтар отбасы

Жалпы билік басында Елжан, Есжан және Ержан Біртановтар бар. Бұл кісілердің әкесі Алматы қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының басшысы болып қызмет жасаған. 

Елжан Біртанов

Елжан Біртанов 1971 жылы 18 қазан күні Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. 

Біртанов қазақша, орысша және ағылшын тілдерде еркін сөйлейді. Ол Алматы медициналық институттың емдеу бөлімін оқыған. Оқуды аяқтаған соң АҚШ-тың Аризона штатында қарқынды терапия мен токсикологияны тереңнен оқыды. «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» бағдарламасы бойынша Ресейдің медициналық акедемиясын аяқтап, сонымен қатар аурухана ісін басқару саласы бойынша Берлиндегі Charite University ауруханасында дәріс алады. Американың Fugua Shool of Business мектебінің бизнесті басқару магистрі дәрежесін алады. 

1988 жылы медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін алса, 2002 жылы доцент атанып, 2010 жылы медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алады. 

Қазірге таңда денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметке 2017 жылдың 25 қаңтарында тағайындалды. 

Есжан Біртанов

Есжан Біртанов 1975 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. 2005 жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған. Ал 2015 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеудегі мемлекеттік университетте білімін шындаған. 

Қазіргі таңда Есжан Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып жұмыс жасайды. Ол бұл қызметке 2019 жылдың 28 наурызында тағайындалды.

Айсұлтан Назарбаев туралы тың деректер
Психологиялық тест: Жануарлардың бірін таңдаңыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу