​Әр елдегі қатаң мектеп жазалары

Oinet.kz 29-04-2020 2045

Барша ата-ана баласын дұрыс тәрбиелеу мақсатында оны жазалайды. Ал кейбір елдерде қатаң жазаларды ата-ана емес, мектеп мұғалімдері тағайындайтын көрінеді. Ендеше, сіздерге әр елдерде болатын мектептегі қатаң жазалау түрлері жайлы айтамыз. 

unnamed.jpg

Намибия елі

Егер сіздің балаңыз сабаққа кешігіп немесе үй тапсырмасын орындамай барса күнделігіне ескерту жазып немесе бір ұрсып алатын шығар. Ал Намибия елінде ондай балаларды ара ұясы бар ағаштың астына қалдырып кететін көрінеді. Оқушы сол ағаштың астында 1-2 сағат уақыт тұруы мүмкін. Ал енді ойлаңыз, ересек біздердің өзіміз ара көрсек қашамыз, ал кішкентай балалары ойлаудың өзі аянышты. 

5d769232b7885.jpeg

Ұлыбританя, Франция және Германия елдерінде мектепте ұрып жазалау 1986 жылдан бастап заңды түрде тоқтатылған. Алайда әлі күнге дейін сақталып келе жатқан қатаң жазалау тәсілі – бұршаққа тізерлеп тұру. Бұл бастапқыда ауырмауы мүмкін, алайда біршама уақыт өткен соң жан шыдамас ауырсыну пайда болады.

1b7afe6a6543ca4ab70d00117f56cd8d.jpg 

Үндістан

Бұл елдегі жазалау шаралары адам сенгісіз. Яғни, оқушы сабақты орындамаса мұғалім оларды қолдарын созғызып жерге жатқызып, үстінен мотоциклмен жүріп өтеді. Ал енді ойлап қарайық, бұдан кейін баланың саусақтары ұзақ уақыт бойы істемей қалуы бек мүмкін.

Screenshot_1.jpg

Қытай

Қытайда оқымайтын оқушыларды жұқа бамбук ағашымен ұрады. Бұл көріністі өзге оқушыларға да өнеге болсын деп сыныптың ішінде немесе барша мектеп оқушыларының алдында жасайды. 

xl_e1f8813d-3ea8-4ec6-907f-ba3f678644d7.jpeg

Жапония

Ең қызығы осы елде болып шықты. Оқымаған баланы екі орындықтың ортасына бір аяғын көтергізіп тұрғызып қояды. Бұл аздық қылғандай, маңдайына форфор кесені және қойып қояды. Оны сындырып алса шаруасы бітті.

Screenshot_2.jpg Миянма елі

Бұл елде сабақ оқымаған баланың аяғынан, қолынан, тізесінен және басқа жерлерінен таяқпен аямай ұрады. Қай жерінен ұру баланың істеген ісіне байланысты болып келеді. 

paddle_2_e1476666607921_771x517.jpg

Непал елі

Бұл елдің жазалау тәсілі өзгешелеу болатын көрінеді. Яғни, тәртіп бұзған ер балаға қыздың киімін кигізіп қояды. Бұл жазалау уақыты 1-5 күндер аралығында болып, баланың психологиясына теріс әсерін тигізеді. 

Screenshot_3.jpg

Оңтүстік Корея

Елде оқушыны заң бойынша қалыңдығы 2 см болатын таяқпен 10 рет ұрып шығады. Мұнымен қоса бұл елде коллективті жазалау бар, яғни бір баланың қателігі үшін бүкіл сынып оқушылары да жазаланады. Таяқтан бөлек жазалаудың басқа түрлері де бар. Мәселен,. Басты вертикальді бағытта тұрғызу, мұздай суға кіргізу сынды басқа да жазалау тәсілдері бар екен. 

maxresdefault.jpg


Психологиялық тест: Кімге орын берер едіңіз?
Әлемдегі ең ерекше аналар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу