Қазақ боксының ақыл-ойы
23-01-2024
Жапонияда 14 жыл өмір сүрген қазақ қызының жапон мәдениеті туралы айтқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Ол жақта 30 дан асқанда 40 қа жақындағанда тұрмыс құрады. Бірақ, ажырасу деңгейі бойынша Жапония дүние жүзінде ең соңғы орында. Ажырасу мүлде аз. Себебі, ажырасқан адам үкіметте қызмет ете алмайды, өздерінің компаниясында бастық бола алмайды. Өйткені, өзінің отбасына дұрыс қарай алмаған адам қалай бір жерде бастық болады, қалай мемлекетті басқарады?", - дейді ол.
Желі қолданушылары "Біздің Президентіміздің өзі ажырасқан ғой", "Бізде ажырасқандар бірден министр болып кетеді ғой", "Қазақстанда 70% мектеп директорлары ажырасқан, күйеулері жоқ" деген пікірлерді жарыса жазуда.