Қытайдың екі ірі қаласында жаппай наразылық салдарынан карантин талаптары жеңілдетілді

Oinet.kz 01-12-2022 667

Қытайдың Гуанчжоу мен Чунцин қалаларында карантин талаптары жеңілдеді. Бұған қытайдың жалпы ковидтік шектеулерге қарсы жаппай наразылықтары себеп болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Чунцинде коронавируспен ауыратын науқастармен тығыз байланыста болған адамдарға белгілі бір шарттарды сақтай отырып,карантинде үйде болуға рұқсат етілді. Гуанчжоуда да шектеулер азайды.

Қытайдың вице-премьері Сун Чунлан вирустың ауру тудыру қабілеті төмендеп бара жатқанын айтты. Ол, сондай-ақ тестілеу, емдеу және карантин саясатын одан әрі "оңтайландыруға" шақырды.

Шетелдік қауіпсіздік сарапшыларының пікірінше, ҚХР-ның бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминнің қайтыс болуы наразылықтардың жаңа себебі болуы мүмкін. Өйткені халық Си Цзиньпинді онымен салыстырады. Цзян Цзэминь халықаралық аренада келіссөздер жүргізіп, батысқа ашық болды.

Telegram-да наразылық білдірушілер тобында Цзян Цзэминь өлімі талқыланды, ал кейбір қытайлықтар биліктің саясатына наразы болып, оның өлімі халықтың жиналуына заңды негіз береді дейді.

ҚХР билігі коронавирустық шектеулрге қарсы наразылықтарға қатысқан адамдарға қатысты тексеруді бастады.

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды
Нұра өзеніне батып кеткен көліктен жолаушыларды құтқарған азаматтарға 5 миллион теңге берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу