Нұра өзеніне батып кеткен көліктен жолаушыларды құтқарған азаматтарға 5 миллион теңге берілді

Oinet.kz 01-12-2022 835

Қарағанды облысы әкімінің міндетін атқарушы Жеңіс Қасымбек Facebook желісіндегі ресми парақшасында суға батқан көліктен адамдарды құтқарып қалған екі азаматқа 5 миллион теңгеден берілгенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тішісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

"Президентіміз ұлықтау рәсімінде нағыз қаһармандардың халық арасында екенін айтқан еді. Соның дәлеліндей біздің жерлестеріміз Оразалы Асылханов пен Думан Кәкенов екі әйел мен екі баланы құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, кәсіби деңгейде әрекет етті. Бұқар жырау ауданының тұрғыны Думан Кәкенов суға батып бара жатқан көлікті көріп, осы көліктің жолаушысы болған Оразалыға жолаушыларды құтқаруға бағытталған алғашқы шараларды іске асыруға көмектесті", - дейді Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша, екі тұрғынның жедел қабылдаған іс-шараларының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеген.

"Соған байланысты Думан Кәкенов пен Оразалы Асылхановты 5 млн теңге көлеміндегі сыйақымен көтермелеу туралы шешім қабылдадым. Сонымен қатар Оразалыны жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеміз. Бұған қоса, Қарағанды облысының ТЖД бұл жігіттерді марапаттауға ұсынатын болады", - дейді облыс әкімінің міндетін атқарушы. 

Айта кетсек, 28 қарашада Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин кентінде ішінде жолаушылары бар көлік Нұра өзені арқылы өтпек болған кезде мұз жарылып, суға бата бастаған. 

Осы кезде көлікте әйелімен бірге болған Оразалы Асылханов бірінші өзі көліктен шығып, дереу басқа адамдарды құтқаруға кіріскен. Суға батып бара жатқан көлікті көріп, сол маңда жүрген Думан Кәкенов оларға көмекке келген. 

Қытайдың екі ірі қаласында жаппай наразылық салдарынан карантин талаптары жеңілдетілді
Соңғы үш жылда 50 әскери қызметші суицид жасаған – Дана Нұржігіт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу