Әлемдегі ең ерекше аналар

Oinet.kz 28-04-2020 1465

Барша әлем анамен көрікті. Ана бар жерде жаңа өмір бар екенін білеміз. Әлемде әрқилы бір-біріне ұқсамайтын ерекше аналар бар екенін білесіз бе? Дүниеге перзентін қиыншылықпен ерекше жаратылысымен әкелген аналар Геннистің рекордтар кітабына енгені жайлы да білесіз бе? Білмесеңіз, онда сіздерге әлемдегі ең ерекше аналар жайлы айтамыз.

Сегіз перзенттің анасы

62124fcc440c2177bed925eb3334f42b.jpg

Сегіз перзенттің дегеніміз, яғни бір мезетте дүниеге сегіз баланы алып келген. Калифорнияның америкалық тұрғыны Надя Дэниз Дауд-Сулеман Гутьеррес 2009 жылы дүниеге сегіз перзентті әкелген ана болып Гениистің кітабына енді. Бұл АҚШ елінде тіркелген екінші жағдай болған, нақтырақ 1998 жылы осындай жағдай тіркелген көрінеді. Надяның айтуынша ол жасанды ұрықтандырумен болған, бұлардан бөлек оның әлі алты баласы және бар.

Әлемдегі ең көп бала тапқан суррагат ана

e7c3a4c9f39f1fe8a1af5485b2a2b777.jpg

42 жастағы Кэрол Хорлок әлемдегі ең көп бала тапқан суррагат ана болып Гиннестің рекордтар кітабына енген. 13 жыл ішінде 12 баланы дүниеге әкелген, яғни олардың бірі егіздер. Кэрол бұл қадамға ақшаға мұқтаждықтан барған көрінеді. Бір баланы дүниеге әкелу құны 25-30 мың доллар.

Көп баланың анасы

e9ba20bdf0f12f60b9f044ff67d2081d.jpeg

Әлемдегі ең көп баланың анасы XVIII ғасырда Ресей империясында өмір сүрген. Федор Васильева есімді әйел дүниеге 69 баланы әкелген. 27 рет жүкті болып, егіздер мен ұшемдердің ардақты анасы атанған. 

Әлемдегі ең кішкентай нәрестені дүниеге алып келген ана

a13e71ef006ed7c3e8ce2f4d021c35e8.jpg

2004 жылдың 19 қыркүйегінде Индия елінде Махаджабина есімді әйел дүниеге әлемдегі ең кішкентай нәрестені алып келді. Оған Рамашу Рахман есімі берілді.Кішкентай баланың салмағы бар-жоғы 243,81 грамм, бойы 10 см болып дүниеге келген. Яғни, анасының жүктілік кезеңінің 25-ші апталығанда туылған. Сонымен қатар, оның салмағы 567 грамм болатын егіз әпкесі де бар. Лайло университетінің медициналық орталығының хабарлауынша баланың жағдайы жақсы көрінеді. 

Әлемдегі ең қарт ана

1af0cac74bdfcfbfefa69b89fa6c239e.jpg

Райо Деви Лохан есімді әйел әлемдегі ең қарт ана болып саналады. ӨЗінің тұңғышын 70 жасында тапқан. Райо 40 жыл ана болуды армандап, арманына 2008 жылы жетті. 

Әлемдегі ең қарт егіздердің анасы

84af051e08d1153242a91f7df845a0af.jpg

70-ші жылдары Омкари Панвардың 2 қызы және 5 немересі болған. 77 жасар Чаран Синг Панвар есімді күйеуі өзінің мұрасына ие болатын ұл баласының болғанын қалайды. Соның нәтижесінде дүниеге екі егіз балалар келді. Әрине, әйел жасанды ұрықтану жолымен бала көтерді. Есесіне, күйеуіне шекесі торсықтай мұра иеленетін ұл баланы сыйлады. 

Әлемдегі ең жас ана

7a4f7d473e347ad6f0e663e52cce4a92.jpg

Писко қаласының Лина Медина есімді қызы әлемдегі ең жас ана болып саналады. Оның жасы бар-жоғы бесте. Бұл оқиға 1939 жылы болған. Линаның ішінде ісік бар деп күмәнданып оны ауруханаға апарады. Нәтижесінде, дәрігерлер Линаның жүкті әрі жетінші ай екенін хабарлайды.  Алайда туыстары бұл ақпаратқа сенбей, бас тартады. Бірақ бір жарым айдан соң,яғни 14 мамырда Лина 2,7 грамм салмақпен ұл баланы дүниеге әкеледі. Оның есімін дәрігердің құрметіне Херардо деп қояды. 

Перзенттер арасындағы нң ұзақ айырмашылық

0d43bba2dd766e827322cce6060d13bb.jpg

АҚШ-тың Элизабет Энн Баттл әлемдегі босану арасындағы ең ұзақ айырмашылықпен дүниеге бала әкелген ана. 19 жасар Элизабет өзінің тұңғышын 1956 жылдың 19 мамырда көрсе, араға 41 жыл 60 жасында екінші баласын құшағына басады. Баланың есімі Иосиф. 

​Әр елдегі қатаң мектеп жазалары
Динара Құлыбаева туралы тың деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу