Бел ауырғанда не істеуге болады?

Oinet.kz 27-09-2019 3535

Протрузия, жарықтар, остеохондроз – оларды диагностикалау кезінде пациенттер емдеудің консервативті әдістерін қарастырмай, хирургқа бірден асығады, бірақ бұл дұрыс емес.

Мәселен сіздің беліңіз қатты ауырып жатыр делік, бірақ айтарлықтай температура, ісіну секілді симптомдар жоқ. Мұндай жағдайда аурудың себептері төмендегілер болуы мүмкін.

1. Бұлшық ет жүктемесі

Сіз ауыр нәрсе көтерген жағдайда, арқа бұлшық етіңіз созылып, спазма пайда болады. 

Екіншіден сіздің ұзақ отыруыңыз. Бір орында ұзақ лотыру да сіздің денеңізге, арқаңызға ауырлық туғызады.

Сондықтан физиологтар омыртқаның дөңгелектенуіне жол бермеу үшін арқасына сүйеніп, креслоға жайланып отыруды ұсынады.

2. Омыртқааралық дискілердің жарығы

Біри орында көп отыратын адамдардың көбі дерлік бүкірейіп отырады, оның себебі бір орында отырғанда адам өзін еркін сезініп, соның нәтижесінде мойны да, белі де бүкірейе бастайды. Сондықтан да бел омыртқасы майысып жатқанда қатты ауыртады.

Егер бел ауырса, не істеу керек?

Кез келген жағдайда терапевтпен кеңесу керек: кенеттен сіз маңызды симптомды есіңзден шығарып алуыңыз мүмкін. Бірақ жалпы алғанда, қазіргі заманғы медицина белдің ауыруынан қарапайым үй тәсілдерімен арылуға болады деп болжайды. 

1. Көп қимылда болыңыз

Бұрын арқа ауруы төсек режимі көмектеседі деп саналды. Бірақ енді белсенділікті сақтайтын адамдар тезірек түзеледі.

2. Арқа үшін қарапайым жаттығулар жасаңыз

Жаттығулар сіздің бұлшық етіңізді нығайтады және оларға күш салуға көмектеседі. Бұл болашақта белдің ауырсыну қаупін азайтады.

3. Анестезияны қабылдаңыз

Ауырсыну тым қатты болғанда ауруды уақытша басатын жақпа майларын қолданыңыз. Мәселен ибупрофен жағымсыз сезімдерді азайтады.

4. Оптимист болыңыз

Бұл сізге демалуға және ауырсыну туралы ойлардан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар, оптимизм стрессті жеңуге мүмкіндік береді. Демек, сіз тез арада бұлшықет спазмдарынан құтыласыз.

Шаш түсуін диетамен тоқтат
Дертті емдеген гөрі алдын алған ағзаға пайдалы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу