Анестезия деген не?
Емдеуші дәрігер жоспарлайтын операцияны қамтамасыз ету үшін АНЕСТЕЗИЯ қажет.
Анестезия (обезболивание) – бұл дене сезімталдығын азайту. Әдетте, оны адам операция кезінде немесе қандай да бір медициналық процедураларда ауырсыну сезбеуі үшін қолданады. Міселен, тіс жұлғанда.
Ауырсыну - біздің мидың арнайы рецепторлардан түсетін импульстерге реакциясы. Егер бұл импульстер миға жете алмаса, онда біз ауырсынуды сезінбейміз. Анестезия міне осы үшін қажет.