Дертті емдеген гөрі алдын алған ағзаға пайдалы

Oinet.kz 27-09-2019 1101

20161114115022-900x_.jpg

Обыр – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуы мен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе, емніңс әсері сырқаттың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Асқынған жағдайда айықтыру қиынға соғады. Соңғы жылдары жастардың онкологиялық дертке шалдығушылардың көбеюі қоғамды да алаңдатып отыр. Бұл әрбір адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, алдын-ала медициналық тексеріліп, дәрігерге қаралып тұруы тистігін аңғартады. 

Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептеріне байланысты болып келеді. Олар әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Обырдың себептері толық анықтала қоймаса да сырқаттанушылардың жартысына жуығында осындай себептердің барлығына болжам жасалған. 

«Ауру – астан». Осылай екі-ақ сөзбен тауып айтқан қазақ даналығына сүйенсек, адам алдымен аузын тыйғаны абзал. Өйткені обыр ауруының 30-35 пайызы дұрыс тамақтанбаудан пайда болады. Тағы 30 пайызы шылымқорлардың үлесінде екен. 4 пайызы алкоголь өнімдері көп пайдаланатындарға тиесілі болса, 2 пайызы қоршаған ортаның ластануынан өршиді. Сондай-ақ, 17 пайызы жұқпалы болып келеді. Тіпті обырдың тұқым қуалайтын да түрі бар. Біздің қоғамда ол 2 пайызды құрайды. 

Обыр ауруын өршіптпеу, болдырмау тікелей өзімізге байланысты. Оның алдын алу жолдары қарапайым қағидаларды сақтаудан басталады. Ол үшін жалқаулықтан арылып, күнделікті бір сәт дене жаттығуларын жасауға дағдылануымыз керек. 

Обыр көп қозғалмаудан, қан айналмаудың дұрыс жүрмеуінен, артық салмақтың салдарынан да пайда болады. Оған дәлел ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін келтірсек, артық айтқандық емес. Аталған халықаралық ұйымның мәліметіне сүйенсек, сүт безі және тоқ ішек обырының 20-25 пайызы дене белсенділігінің аздығынан пайда болады.  

Жалпы қандай дерт болмасын, оны емдегеннен гөрі алдын алу оңай әрі ағзаға да пайдалы. Сондықтан  қатерлі ісіктің болдырмауды азайту үшін саламатты өмір салтын ұстанайық.

 Ш.Кожакова,

№ 1 Шымкент қалалық емханасының СӨСҚ дәрігері

Бел ауырғанда не істеуге болады?
Қатерлі ісік ауруларының алдын-алу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу