Вакцина егу қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі

Oinet.kz 31-05-2019 1137

1513598138189370367.jpg

Қатерлі ісік дертінің жүздеген түрі бар. Әлемдегі қатерлі ісік дертінің бестен бір бөлігі созылмалы инфекциялардың салдарынан пайда болады. Айталық, адамның папиллома вирусы жатыр мойны қатерлі ісігіне әкеледі. Әлемдегі әйелдердің дені қатерлі ісік дертінің мынандай бес түрінен: кеуде обыры, өкпе, тоқ және тік ішек, жатыр мойны қатерлі ісігінен көз жұмады. Еуропада жатыр мойны қатерлі ісігі салдарынан бір жылда отыз мың әйел өмірмен қоштасады. Ал Қазақстанда күніне екі әйелдің өмірі қиылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  Еуропалық аумақтық деректер бюросының деректеріне сүйенсек,  Қазақстан жатыр мойны қатерлі ісігі дерті бойынша Еуроодақ елдерімен салыстырғанда төртінші орынға табан тіреп тұр. 

Әйелдердің көбісі жатыр мойны қатерлі ісігі дертінен күш-қуаты тасып тұрған жас шағында өмірімен қош айтысып жатады. Олар балаларының қызығын көріп, отбасына қамқорлық жасап, қоғамның әлеуметтік және экономикалық жағдайына үлес қоса алар еді ғой. Әлі айқындала қоймаған ақиқат, бірақ берік дәлелденген дүние бар,  ол – жатыр мойны  ісігі дер кезінде анықталса және тиімді емделген жағдайда қатерлі жаңа ісіктердің алдын алуға және емдеп жазуға әбден болатыны.

Жатыр мойны қатерлі ісігі өте баяу пайда болады. Нақты белгілері де жоқ. Оның пайда болуының нақты белгілері ұзақ уақытқа дейін сезілмей жүреді. Міне, бұл дерттің қауіптілігі де осында жатыр. Дерттің белгісі ретінде, әдетте, әйелдер қансырап дәрігерге көрініп жатады. Қан белгілері жыныстық қатынастан соң, кейде етеккір кезінде байқалып жатады. Ауру меңдеп бара жатқанда және қатерлі ісік жайылғанда құйымшақтың төменгі жағы, бел, аяғы ауырады, кейде аяғы ісіп кетеді, дәрет сындыру қиынға соға бастайды, минструалды цикл бұзылады, түрлі қоймалжың сұйықтықтар бөліне бастайды. 

Адамның жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын папиллома вирусына қарсы вакцинасын егу әйелдердің денсаулығына елеулі әсерін тигізбек. Егуді неғұрлым ерте бастасаң, соғұрлым жақсы дегенді айтады. Вакцинацияның ең тиімді кезеңі – 9 бен 15 жас аралығы. Осы кезде жатыр мойны қатерлі ісігінен 100 пайыз сақтануға мүмкіндік болады. 

Г.Үдербаева, 

Онкологиялық диспансердің онкогинеколог дәрігері, 

«Халықаралық медициналық құқық» қоғамдық бірлестігі. 

Астана қаласы.

Темекі - тажал!
Қалта шайы - денсаулыққа зиян
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу