Қалта шайы - денсаулыққа зиян

Oinet.kz 31-05-2019 1210

155-1.jpg

Шай қалташаларының неден жасалатынын білесіз бе? Өндірушілер әдетте шай қалташалырының ішіне шай өндіретін зауыттан қалған қалдықты қосып жібереді. Яғни шайдың пайдалануға жарамайтын, өте ұсақ ұнтақтарын. Шайды көп мөлшерде өндіретін Үндістан мен Қытайда мұндай қалдықтарды пайдалануға қатаң түрде тыйым салады. Аталған қалдықтың 10 кг-мын небары 10 АҚШ долларына сатып аласыз. Көп сақталған шайдың құрамында афлотоксин болады. Ол – бауырды зақымдайтын, қауіпті зат. Кез келген шайдың жарамдылық мерзімі 3 жылға дейін созылады. Бояу қосылған шай тез әзірленеді. 

Ал шайға бояудың қосылып, қосылмағандығын анықтау өте оңай. Ол үшін шай қалташасын суық суға салыңыз. Бояуы болса, бірден шығады. Жеміс-жидектің дәмі бар шайға қызығып жатамыз. Ол бар болғаны иістендіргіштердің әсері. Өндірушілер иістендіргіштің көмегімен шайдың табиғи дәмінің жоқтығын жасыруға тырысады. Сатып аларда қалташалардағы шайдың сапасына көңіл бөліңіз дегіміз келеді. 

Вакцина егу қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі
Әлемдегі ең қызықты салт-дәстүрлер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу