Жаман ойдан арылудың жолдары

Oinet.kz 04-06-2020 1096

Ең алдымен беймаза, қырт ойдың бәрі эмоция екенін ұмытпағанымыз жөн. Ал эмоцияның (сезімнің) ақылға ерік бермейтінін жақсы білеміз. Эмоция ақылсыз, санасыз, бейсана болатыны рас. Ығыры шыққан ойдың бәрі – қорқыныш пен үрейден, компекстен туған нәрселер. Ол адамды іштен жегідей жеп қажытып жібереді. 

image.png

Әрине, негатив ойдың кейде пайдалы жақтары да бар. Мәселен, өмірге басқалай қарауға, мәселемен, қиындықпен бетпе-бет келуге әсер етеді. Сол арқылы қиындықтарды реттеуге, шешуге болады. Бірақ негатив ойдың бәрі жақсы деген сөз емес, кейбірі ғана шынайы іске жетелеуі мүмкін. Көбі адамды жоқтан өзгеге бас қатырудан, ішкі дертке шалдықтырғаннан басқа пайдасы жоқ. Бәрі жағдайға байланысты.

Күйзеліс пен жаман ойлардың арылудың жолдары көп. Ол үшін адамның неге уайымдап, неден қайғы шегіп жүргенін ескерген жөн. Не үшін өз өмірін өзі «құртып», өзін батпаққа батырып жатыр. Соны да ойлаған абзал. Барынша жаман ойлардан арылуға тырысу қажет. Әйтпесе, ауруға шалдығуыңыз мүмкін. Аурудың көбі қайғы мен уайымнан.

Сонымен, жаман ойдан арылудың бірнеше техникасы бар. Соған тоқталып өтейік. 

Техника – мәнін жоғалту 

Іштен тыным бермей, жегідей жеп жүрген ойыңызды «жібітудің» бір амалы – оның мәнін жоғалту. Яғни, ой келе қалағанда оның мәнсіз, ақылға қонымсыз, қияли, санасыз ой екен деп қабылдауға тырысыңыз. Бұл техниканың мәні – ойды күлкіге айналдыру. Сөйтіп мәнін түсіру. Ауыр ойды күлкіге айналдырып, мән-маңызын жоқ қылуға болады. Өмірде де сондай. Ашуыңызға тиіп тұрған нәрсені, айтылған сөзді күлкіге, әзіл-қалжыңға айналдырсаңыз, ол мәнін жоғалтып алады. Содан ашуыңыз да тарқайды. Негатив ойды жеңудің амалы да осыған ұқсас. Жаман ойды басқару керек, оны басқара алмасаңыз, сізді иектеп алады. 

Техника – үзіп тастау 

Негатив ой адамға маза бермейді. Алынбаған қамал сынды қайта-қайта ұрыс тастайды. Қамал мықты болса, әскер ала алмасы хақ. Сондықтан жаман ой келе қалғанда, оны бірден үзіп тастауға, оның орнына басқа, жақсы нәрсе ойлауға тырысыңыз. Оны ой елегінен өткізіп, талдап, дауласып, өзіңізді ақтауға тырысудың қажеті жоқ. Жай ғана ойды «үзіп тастаңыз». 

Техника – қарсы қою 

 Бұл өмірде қиындық пен қуаныш, өкініш пен сүйініш қатар жүреді. Жаман ойдың жұбы – жақсы ой. Ойыңызға жаман нәрсе оралған кезде, оны теріс қаратып, жақсы жағын ойлауға тырысыңыз. Мәселен, «сауда сату қолымнан келмейді» деудің орнына «сауда сату қолымнан келеді» деп нық қадамға барыңыз. «Жетістікке жетпедім, қаржы жинай алмадым» деудің орнына «жетістікке жетемін, қаржы жинаймын» деп мақсатқа ұмтылған жақсы. 

Техника – қалтарыстан қарау 

Жегідей жеген ойды өзіңіздің басыңыздан емес, басқа адамнан басынан, тағдырынан өтіп жатқан жағдай деп қабылдау. Сөйтіп жаман ойдан іргені алшақтатуға болады. Жаман ойдың басып алуынан сақтанудың жолы. Адам бір уақытта жақсы оймен қатар жаман нәрсені ойлай алмайды. Адамды екеуінің біреуі иектеп басып алады. Әрбір қайғы мен уайымның артында жақсы нәрсе жасырылған. Соны алуа ұмтылан жөн. Жаман ойды жақсыға жорып, позитивті қорытындыға келген абзал. Жаман ойға уақыт пен нерв, басқа да ресурстарды құртуға болмайды. Ол ресурсты жақсы нәрселерге жұмсаған дұрыс емес пе?!

Масайған кезде шәй ішу қауіпті
Темекінің үш қасиеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу