Масайған кезде шәй ішу қауіпті
Тұмауратып, дене температураңыз көтеріліп, қызып тұрған кезде шәй ішпегеніңіз жөн. Шәйдағы кофеин құрамы сіздің дене температураңызды тіпті де жоғарылатады. Оның үстіне дәрінің күшін жойып жібереді. Бауыр ауруына шалыққан адамдардың ең жақсысы шәйді тұтынбағаны жөн. Жүйке-жүйесі әлсіз адамдар шәйді аз тұтынған жөн. Көбінесе түстен кейін немесе кешқұрым шәй ішуден аулақ болыңыз. Кофеин жүйкені сергітетіндіктен ұйқысыздыққа душар етеді.
Араққа сылқия тойып алып, шәй ішу тіпті де қатерлі. Мас кезде шәй ішу бүйрекке ауыр салмақ түсіреді. Мас кезде шәйдің бүйректі зақымдау қуаты тіпті де арта түседі. Дәріні шәймен ішуге немесе дәріден кейін шәй ішуге мүлде болмайды. Бұл дәрінің күшін жойып қана қоймай, кофеин құрамы кейбір дәрілермен қосылып, басқа аурулар тудырады.