Мұхамедиұлының ісіне Жаманқұловтың не қатысы бар?

Oinet.kz 19-04-2023 552

Астанада бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды. 

Screenshot_20230419_132631_Gallery.jpg

Бұл іс бойынша экс-министрден бөлек Астанадағы Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан, Exponat  ЖШС директорының орынбасары Азамат Көшенов, “Экспонат” ЖШС бас бухгалтері Айым Сәдуақасова айыпталған.  Істі Байқоңыр ауданының №2 соты қарап жатыр. Былтыр мамырда қамауға алынған Мұхамедиұлы ауа райының қолайсыздығына байланысты сотқа онлайн қатысты.  Сот отырысында Exponat компаниясының өкілі Азамат Көшенов  Тұңғышбай Жаманқұловтан жауап алуды сұраған.

– Сотқа Тұңғышбай Жаманқұловты шақыру туралы өтінішім бар. Бұл істі тергеу кезінде оның мәлімдемесі қамтылған еді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында А.Мұхамедиұлымен байланысым туралы жариялады. Яғни бұл тұрғыда жалған ақпарат берді. Сондықтан өз мәлімдемесін түсіндірсін. Осы орайда оны сот отырысына куәгер ретінде шақыртқымыз келеді, – деді А.Көшенов.

Бірақ мемлекеттік айыптаушы Т.Жаманқұловты сотқа шақыртуға негіз жоқ екенін мәлім еткен.  Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 - 2019 жылдар аралығында Мәдениет және спорт министрі болған. Ол 2022 жылы мамыр айында қамауға алынған. Жемқорлықпен күрес қызметі оны бастапқыда “бюджеттің 146 миллион теңге қаржысын жымқыруға қатысты” деп айыптаған. 2022 жылдың басында жемқорлықпен күрес қызметі Ұлттық музейдің лауазымды қызметкерлері мен “өзге де” тұлғалар” “Алтын адамның әлем елдеріне шеруі” атты халықаралық көрме ұйымдастыру үшін өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасасқанда, бюджеттің 146 миллион теңге қаржысын жымқырды” деген күдікпен тергеу бастаған. Ведомство мәліметіне қарағанда, келісімшарттың жалпы сомасы – 1,2 миллиард теңге. 2017 жылы маусым айында “Феникс” көркем фильмін түсіруге мемлекеттен бөлінген қаржыны жымқырды” деген айыппен үш жарым жыл шартты жаза кесілген Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне қарсы іске Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптап, қудалауға “соның қатысы барын”, Алматыдағы Жүргенов атындағы өнер академиясында жүргенде араларында келіспеушіліктер болғанын айтқан. Бұған дейінгі сұхбаттарында Тұңғышбай Жаманқұлов экс-министрдің заңсыз тірліктері бойынша құзырлы органдарға арызданғанын мәлімдеген еді. Яғни мұның арғы жағынан «кек қайтару» туралы әңгімелердің негізсіз еместігін аңғаруға болатын сияқты.

Аружанның өліміне күдікті ретінде экс-әкімнің ұлы ұсталды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткішке мән беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу