Отбасын жоспарлау – үлкен жауапкершілік

Oinet.kz 26-05-2020 822

Облыстық тері венерологиялық диспансері дәрігер дерматовенерологі Марат Отаровтың айтуынша, күз айларында тері аурулары үдейді. Ашық диалогқа негізі созылмалы тері ауруларымен сырқаттанатын науқастар батыл түсті. Дәрігер қотыр, теміреткі секілді жұқпалы ауруларды байқаған сәттен маман кеңесіне жүгіну керегін айтты. Себебі бұл аурулар өзге отбасы мүшелеріне тез жұғады екен. Ауру созылмалы кезеңге өткенде келетіндер де бар. Пациентт бойындағы стереотиптер мен комплекстерден арылуы шарт.

5af710482ba167822818170f0f97f982-slider.jpg

Әйел адамдар белсенді қаралып жатқан дәрігерлердің жанына бардым. №3 облыстық принталдық орталықтың дәрігерлерінің айтуынша, қыз-келіншектерде кеңес алуға ешқандай комплекс туындамаған. Балалы болу үшін, жоспардан тыс жүктіліктің алдын алу үшін, көп балалы ана атану үшін кеңес сұраған әйелдер көп болыпты. 

Жабық саналатын тақырыптарға батылдық таныта бастаған пациенттер үшін де іштей қуандық. Уролог маманның айтуынша, ер адамдар ауруларын айтуға қысылмайды. Бірақ, есімін жасырын ұстағанды жөн көреді. 

Көз алдымызда, қант деңгейін небірі 30 минутта 26 адам өлшетті. Ескерте ететін жайт, қант деңгейін таңертеңгі ашқарынға өлшеткен дұрыс. Прафилактика қабылдаушылар шай ішіп келгендіктен жоғары мөлшер анықталып, дәрігер түсіндіру шараларын жүргізді.

Қызылды-жасылды қарашық
Көз линзасының тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу