Қызылды-жасылды қарашық
Алысқа тіке қараған кезде көру аумағы 180 С қамтуы тиіс. Әдетте көздің көру деңгейі 40-50 жастан асқан адамдарда ғана нашарлайды. Қазіргі таңда көз аурулары жас таңдамайтын болып барады. Ол тұқым қуалайды. Сондай-ақ, экология, шектен тыс күйзеліс, экран алдында көп отыру, зиянды әдеттер сынды сыртқы қысымнан бөлек, ішкі факторлардың да әсері көп.
Әлемде 45 миллионнан астам адамның көзі мүлдем көрмейді. Мұның барлығы туа біткен дерт емес, басым көпшілігі немқұрайлы қараудың әсерінен туындаған. Көз ауруына шалдыққан жандардың басым көпшілігі көзілдірік тағуға қымсынады. Бүгінгі таңда бұл шешімін тапқан мәселе. Себебі, көзілдірікті алмастыратын линзаның түр-түрі шығарылады. Мамандардың айтуынша, қазір әлем бойынша 125 миллион адам линза тағады. Олардың 40 пайызы 12-25 жас арасындағы адамдар.