Обырды жеңген пациент

Oinet.kz 25-05-2020 797

27 жасында баскетболшы Майкл Мойлз алаңда басқа ойыншымен соқтығысып, 30 минуттан кейін сана сезімін жоғалтып алады. Дәрігерлер спортшыдан мидың қатерлі ісігін анықтайды.

Что такое рак и как не допустить его развития: бич XXI века ...

Науқасқа алты жылдан сегіз жылға дейін өмір сүруі мүмкін деген болжам айтылады. Санаулы ғұмыры қалғанына қарамастан жігіт Анги есімді бойжеткенге үйленеді. Олардың сүйкімді қызы да дүниеге келеді. Алғашқы отада нейрохирургтар басының оң жақ бөлігінен 2.8 сантиметрлік ісікті алып тастайды. Арада 4 жыл өткенде сараптама көрсеткішінен ісіктің қайта басталғаны белгілі болады. Жалпы алғанда, ол мидағы төрт операцияны, 42 радиациялық терапияны және химиотерапияның 29 курсын өткізді. 2016 жылы қатерлі ісік бесінші рет пайда болады. Соңғысында 99,8 пайызға көз жұму мүмкіндігін көрсетті. Қорқынышты болжамға қарамастан Майкл 20 жылдан бері бақытты өмір сүруде. Қатерлі ісікке беріле қоймаған пациент диагнозы қойылған алғашқы күннен бастап күнделікті жүгіріп, жаттығулар жасайды екен. Медицина мамандары ауруды жеңуі оның өмірге деген құштарлығы мен спортты серік еткенінен дейді. 

Мысығы барлар ұзақ өмір сүреді
Вакцинация не вызывает аутизма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу