Кофе - қант диабеті 2 типінің алдын алады
Кофені көп адам сусын ретінде пайдаланатыны белгілі. Алайда оның зиянды тұстарын айтып, бас тартуға үндейтін кеңестерді көп кездестіреміз. Оның пайдалы тұстары да бар екенін біле жүріңіз. Назарларыңызға кофенің денсаулыққа пайдасы жөнінде аз-кем ақпарат ұсынамыз.
Қант диабеті 2 типінің алдын алады. Жаңа әрі тың ізденістермен жүріп, кофені өте жиі ішетін адамдар осы аурумен ауырмайтыны анықталды. Ал бұл сусынды аз пайдаланатындар қант диабеті дертіне бейім келеді. Мұның себептеріне тоқталатын болсақ, ең алдымен, кофе стеройдты жыныстық гормондарды байланыстырады және қант құрамындағы ақуыздың консентрациясын көтереді. Ал, екіншіден, кофе құрамындағы хинин инсулиннің жұмысын жақсартады және қандағы глюкозаны клеткаларға орналастырады. Содан энергия пайда болады. Сонымен қатар, глюкоза мөлшері төмендейді.