Кофе қатерлі ісік пен паркинсонды болдырмайды

Oinet.kz 09-12-2019 1049

Кофе қатерлі ісікті болдырмайды. Егер де әйел бір күнде 4 немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішсе, жатырындағы қатерлі ісік дертінің қаупі 25% төмендейді, ал егер 2-3 шыныаяқ қана пайдаланса қатері 7% төмендейді. Енді ер адамдарға тоқталатын болсақ, Гарвард университетінің зерттеу нәтижесінде бір күнде 4 шыныаяқ кофе ішсе, қуық жолындағы қатерлі ісік ауруының қаупі 60% төмендеген. Кофенің мұндай ерекшелігінің себебі, оның құрамындағы хлорагенді қышқыл қатерлі ісік тудыратын клеткаларға тікелей әсер етіп, оларды жояды. Сонымен қатар, құрамындағы бұл зат иммунды клеткаларды нығайтады. Кофе несеп айдайтын қасиетке ие болғандықтан, зәр арқылы ағзадағы барлық зиянды заттарды сыртқа шығарады. Зерттеу нәтижесінде кофе артериялық қан қысымын төмендететінін анықтаған. 

Screenshot_11.jpg

Паркинсон ауруына оң әсер береді. Кофенің 4 шыныаяғын ішіп паркинсон дертімен ауыратын адамдар өз жағдайын жақсартқан. Кофе – бұл қауіптенетін сусын емес, тек қана мөлшермен пайдаланып, өзіңіздің қалыпты жағдайыңызды байқасаңыз болды. Кофе ішіп, денсаулығыңызды нығайтыңыз. 

Кофе ​- қант диабеті 2 типінің алдын алады
Кофе көзге пайдалы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу