Кофе көзге пайдалы
Кофе көңіл-күйді жақсартады. Кофеде эфир майы бар, ол хош иіс береді. Олар жүйке жүйесін жігерлендіруге қабілетті және мұқияттылық пен жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Оған қоса кофе көңіл-күйді жақсартады, түрлі мәселеден бір сәт миды тазартуға, достармен жүздескенде уақытты жақсы өткізуге керемет себепші болады. Кофенің құрамында аса маңызды микро және макроэлементтер жиынтығы бар. Бұл магний мен марганец, кальций мен йод, темір мен фосфор. Тұмау тигенде таңқурай пайдалануды әдетке айналдырдық. Ал бір шыны кофенің әсері одан кем емес. Кофе дәнінің құрамындағы заттар қақырықты жібітіп, оны шығарып, ағзаның сауығуын жеделдетеді.
Компьютерге қарсы ем. Компьютер алдындағы ұзақ уақыт отырыстан соң, жағымсыз әсерге бөленбесеңіз де, өзіңіздің денсаулығыңызға үлкен зиян тиіп жатқанын біліп отырасыз. Осындайда компьютерден келетін зиянды азайтатын бірден-бір ем - (солай айтсақ дұрыс болар) кофе болып шықты. Нақтылай айтсақ, көзден жас ағу, көз құрғауының яки күюінің алдын алатын көрінеді. Аталған шешімге Токио университетнің ғалымдары сынақ барысында келіп отыр.
Жалпы сынаққа 78-ге жуық адам қатысып, (ескеретін нәрсе, бәрінің көздері сап-сау) зерттеу жүргізілген. Бірнеше күннен соң ғана барып, кофе немесе кофеиннің дәрі-дәрмектерін ішкізген. Тіпті кейбіріне кофе орнына плоцебо берілген. Әрине, оны жан баласына білдірмеуге тырысқан. Іс барысында анықталғаны, кофе ішкендердің көздері тез жұмсарып, жақсы күйін сақтауға тырысқан.
Зертеушілердің пайымы бойынша, кофе көздің сөл бөлетін безіне ерекше жағдай жасайды екен. "Егер біз ашқан жаңалық шындыққа ұласып жататын болса, онда көп ұзамай-ақ көздің құрғауына қарсы ем шығады дей беріңіз. Алайда, біз кофені немесе кофеинді тек сезімтал жандарға ғана ішуге кеңес береміз. Әзірге, пайым осымен шектеліп тұр деп "- деп зерттеушілер тобын бастап жүрген Рейко Арито ағынан жарылды.
Тағы бір зертеушілер тобы көз аурының алғашқы нышаны біліне салысымен-ақ, офтомологқа (көз ауруының маманы) қаралуды жөн көреді. Нағыз маманның сөзі мен емі бірдей болып келеді дегеннен шығар. Қазіргі таңда көз ауруының алдын алуға жылы компресстер, сүрту мен арнайы тамызатын дәрі-дәрмектер қолданылады.