Қарындағы артық майдан арылу туралы аңыз бен шындық

Oinet.kz 09-12-2019 1780

Артық салмақтан арылу кезінде шындық  пен аңыз араласып кеткен. Бүгінгі таңда семіздіктің зардабы туралы кеңінен айтылып келеді. Онымен күресудің де жолдары халыққа жарияланып жатыр. Дегенмен, фастфуд пен аз қимылдаудың заманы өз дегенін істеуде. Семіздіктің адам ағзасына да, психологиясына да зияны туралы белгілі. Қазақстан халқының жартысынан астамы артық салмақ пен семіздіктің зардабын тартып отыр. Артық салмақ пен семіздіктің 90 пайызы дұрыс тамақтанбау салдарынан болады. 

Screenshot_15.jpg

Елімізде балалардың 22 пайызы, ал ересектердің 55 пайызы артық салмақ жинаған немесе семіздік дертіне шалдыққан. Семіздік зардабын, әйелдердің 28 пайызы, ал ал ер адамдардың 16 пайызы тартып отыр. Жас ұлғайған сайын артық салмақ пен семіздік құрығына іліккендер саны да артып келеді.  Осыған орай біз сіздерге артық салмақтан арылудың шындық пен аңыздарын ашып көрсетеміз. Дұрыс мәлімет сізді өзіңіз ойлаған мүсінге азғантай уақыттың  ішінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

№ 1 аңыз. Пресс төменгі және жоғарғы болады

Пресс — бұл қарындағы бір ұзын бұлшық ет (қиғаш бұлшық еттер де бар, бірақ әңгіме қазір басқада) және оның жоғарғы және төменгі бөлігі бір бірінен тәуелсіз жұмыс істей алмайды. Сондықтан, сіз пресс жасағанда, аталған бұлшық ет тұтастай қозғалыста болады. Алайда, аяқты көтерген кезде жамбас және бел бұлшық еті белсенді түрде қозғалады. Сол себепті, мұндай жаттығу кезінде пресстің төменгі жағы жұмыс істейді. Шыны керек, мұның бәрі иллюзия.

№ 2 аңыз. Тамақтану рәсімін сақтамасаңыз да болады

Пресс жасау арқылы, сіздің қарыныңыз артық майдан арылмайды. Біздің ағзамыз белгілі бір орындардағы майдан арылтуға қабілетсіз. Табиғатпен он жерден саудалассаңыз да, төсіңіз бен беліңізді әдемі қалпында қалдырып, тек беліңіздегі артық майларды алып тастау мүмкін емес. Егер сіз арықтасаңыз, барлық денеңіз арықтайды. Оның үстіне, әрбір қыз арылғысы келетін белгілі бір аймақтағы артық майдың ең соңынан кететіні бар. Сіз пресс жасау арқылы қарындағы бұлшық еттерді қатайтасыз. Алайда, сіздің еңбегіңіз ешкімге көрінбейді, өйткені барлық қабатты май жауып кетеді. Бұл артық майлардан арылу үшін калорияны азайту керек. Сондықтан, дұрыс тамақтаму мен тәртіпсіз ештеңе өнбейді.  Ағзадағы майдың көлемі азайған сайын, сымбатыңыз одан әрі анықтала түседі.

№ 3 аңыз. Прессті күн сайын жасау керек

Кейбір әйелдер қыс бойы қимылдамай, демалысқа екі апта қалғанда күн сайын пресс жасай бастайды. Алайда, мұның дұрыс еместігін кез келген жаттықтырушы растап береді. Бұл мүлде өнімсіз іс. Бұлшық еттер уақыт өткен сайын қалпына келуі керек. Демалыс кезінде де бұлшық еттер жаттығу кезіндегідей қозғалыста болады. Сондықтан, аптасына үш рет жаттығу жасау жетіп жатыр.

№ 4 аңыз. Бірден 100 рет қайталау

Пресс бұлшық еттері басқа бұлшық еттерден еш ерекшеленбейді. Сондықтан, оларды айрықша жаттықтырудың қажеті жоқ. Ешкімнің басына бицепсті жаттықтыру кезінде 100 рет қайталау келе қоймайды. Алайда, пресске келгенде, бәрі де мейілінше көбірек жасауға тырысады. Есіңізде болсын, қарындағы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіру үшін 15-тен 30-ға дейін үш реттен жаттыққан жеткілікті. Егер сізге бұл өте оңай болса, жаттығуды қиындата түсуге болады.

№ 5 аңыз. Жақсы пресс белдің жіңішкеруіне әкеледі

Үсті-басыңыз малмандай тер болғанша, прессті жақсылап орындауға болады. Алайда, белдегі майдан бірден арыла қоймайсыз. Бұл тұқым қуалауы мүмкін, мүсінге де байланысты. Сондықтан, оны тым жіңішке қылуға болмайды. Осы себепке орай, ауыр салмақпен төмен иілу мүлде пайдасы жоқ жаттығу болып шыға келеді.

№ 6 аңыз. Жалқауларға арналған ерекше әдіс бар

Көптеген жарнамаларға сенетін адамдар үшін жағымсыз ақпар. Қарындағы майды жоғалтатын крем, белбеу, керемет тренажер немесе гипноз мүлде көмектеспейді. Еңбек етпейінше, жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Осыны түсініңіз. Бұл заттар әрі кеткенде сіздің теріңізді тартып, бұлшық еттерді сергек етуі мүмкін. Бірақ, денсаулыққа зияны зор. Мұндай жеңіл нәрселерге ұрынбай, сымбатты мүсінге еңбекпен қол жеткізген дұрыс ау?!

№ 7 аңыз. Ең керегі пресс жасау

Егер прессті дұрыс жасайтын болсам, барлық мәселеден арыламын» деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, мұның өзі жеткіліксі. Әрине, диета да керек. Бірақ, аэробикалық жаттығулар жасап, секіртпемен секіру, жүгіру, велосипедпен жүру секілді жаттығуларды аптасына 3-4 рет 30 минуттан орындау міндетті. Бұл жаттығулар өте қажет. Бұл зат алмасуға және денедегі артық майдан арылуға себеп.

Есіңізде болсын қарынның еш артық майсыз болуы тек әдемілік үшін қажет емес.Бұл түрлі жарақаттардан да қорғайды. Ал әлсіз бұлшық еттер сымбатыңызды бұзып қана қоймай, денсаулығыңызға да қауіп келтіреді.Алайда, қыпша белге бірнеше аптада қол жеткізуге болмайды. Бұл үлкен еңбектің, диета мен түрлі жаттығулардың жемісі. Ал, нәтиже жақсару үшін жаттығудан жалықпаңыз. 

Кофе көзге пайдалы
Спортпен айналыссаңыз да, дәрігермен кеңесіңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу