Сүйелді қалай кетіруге болады?

Oinet.kz 20-09-2019 4219

Картинки по запросу сүйел

Сүйел дегеніміз мүйізді қабықтармен жабылған эпидермалық түйіршіктер немесе тері қабатына шығатын қабыну. Олар адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады. 

1. Жылқының құйрығының қылы қатты болады, соның бір талын сүйелге орап, тартып қалу керек. (Бұл – өте қорқынышты процедура)

2. Сүйелді айға көрсету, қызғандыру. Білгіштердің айтуынша, сүйелдеріңізді  картоп крахмалымен үйкелеп, Ай жаңадан туған кезде оған көрсетіп «Менде сүйел бар, сенде жоқ» деп, артынша әлгі картопты жерге көміп тастасаңыз, Ай қызғанып, біршама уақыт өткен соң құтыла алмай жүрген пәлекетіңізді «тартып алады-мыс». (Менің тәжірибемде бұл нәтиже бермеді)

3. Түрлі-түсті жіптерді денеде қанша сүйел болса, сонша рет түйіндеп адам аяғы баспайтын жерге тастау.

4. Жиіркенішті процедура (бірақ, нәтиже береді дейді білгіштер) : сүйел шыққан жерді несеппен 3-7 күн  жуу.

5. Бұл ретте сізге қойдың ащы ішегі көмекке келеді. Қойдың ащы ішегін денеңіздегі сүйелге тигізіп отырып түйіндейсіз. Мәселен, 42 сүйел болса ішекті 42 жерден түйіндеуіңіз қажет. Одан соң ішекті ешкім баспайды-ау деген жерге апарып көміп тастайсыз. Әлгі ащы ішек шіріген кезде (шамамен 1- 2 аптада) сүйел де ізім-қайым жоғалады.

6. Маған көмектескен емдеу әдісі:

Денедегі сүйел санымен бірдей етіп шикі күрішті санап аласыз. Сосын «Осы сүйелдерім кетсін!» деген сияқты тілек айтып күлге араластырасыз, күлді аулақтау жерге апарып төгесіз. Көп дегенде 1 айдан кейін сізді ыңғайсыздыққа қалдырған аты өшкірлер жоғалады.

Ескерту: Жоғарыда аталған халықтық ем-домдарды жасағаннан кейін сүйелдің орнына «Сүйел кетті ме екен?» деп әдейілеп мән беріп қарауға болмайды!

Жігіт сені қолданып жүргенін білдіретін 4 фраза
Витаминдердің пайдасы қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу