Витаминдердің пайдасы қандай?

Oinet.kz 23-09-2019 14691

Картинки по запросу витамины

Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа — өмір, тіршілік; vitman — тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Витаминдер жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақ-тану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын жәнс реттейтін де витаминдер. 

«А» дәрумені жетіспегенде адам ымыртта көргіштік қабілетін жоғалтып, бағдарынан адасады. Бұл – «тауық-көз» деген сырқаттың белгісі. «А» гиповитаминозы автокөлік жүргізушілер үшін өте қауіпті. Сиырдың сүті мен сары майы, әсіресе мал шөппен бірге көп мөлшерде каротин алатын жаз бен күзде, ол – «А» дәруменінің жақсы көзі. Каротин – көптеген көкөністер мен жемістерде болатын сары пигмент – «А» дәруменіне мол. Каротин сәбізде де бар. «А» дәрумені имунитетті, сүйектерді, көздерді және теріні күшейтеді. Мандарин, бауыр, балық, сарымай, жасыл шөптерде және цитрусты жемістерде көп мөлшерде болады.

«А» дәрумені жетіспегенде адам ымыртта көргіштік қабілетін жоғалтып, бағдарынан адасады. Бұл – «тауық-көз» деген сырқаттың белгісі. «А» гиповитаминозы автокөлік жүргізушілер үшін өте қауіпті. Сиырдың сүті мен сары майы, әсіресе мал шөппен бірге көп мөлшерде каротин алатын жаз бен күзде, ол – «А» дәруменінің жақсы көзі. Каротин – көптеген көкөністер мен жемістерде болатын сары пигмент – «А» дәруменіне мол. Каротин сәбізде де бар. «А» дәрумені имунитетті, сүйектерді, көздерді және теріні күшейтеді. Мандарин, бауыр, балық, сарымай, жасыл шөптерде және цитрусты жемістерде көп мөлшерде болады.

Дәрумен С (аскорбин қышқылы). Ағзадағы қышқылдану қалпына келу процестеріне қатысады. Бұл дәрумен жетіспегенде тіс ауруы пайда болады. С дәрумені иммунитетті күшейтеді, инфекциялармен кү реседі, тамырларды, тіс еттерін қоғайды.Аскорбин қышқылы суда тез ериді. Ол дәрумендердің ең төзімдісі болып саналады, тез қышқылданады. Ол жоғары температурада, металға (әсіресе мысқа) жақын болғанда сондай өзгеріске түседі. Аскорбин қышқылын күніне бірнеше грамға дейін көп қабылдау адам денсаулығына зиянды. Бұлай жасау бүйрек ауруына шалдықтыруы мүмкін, дейді дәрігерлер. С дәрумені жетіспегенде ең ұсақ қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі мен күйректігі күшейеді, адам ағзасының жұқпалы дерттің дамуына тосқауыл қоятын антитело жасау қабілеті кемиді. С гиповитаминозының сипат ты белгілері – тез шаршағыштық, тістер түбінің қанауы, көктемде тұмаумен жиі ауырушылық. 

Дәрумен Р (биофлавоноидтер). Адам ағзасындағы жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырады, қызметін қалыпқа түсіреді. Осынау биологиялық заттар С дәруменімен араласқанында өте тиімді әсер етеді. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, итмұрында, лимонда, құрмада, қара қарақатта, жүзімде, өрікте, қарақұмық ұнтағында көп мөлшерде бар.

В1 дәрумені ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе көміртегінің) қажет. Бұл дәрумен жетіспесе шаршағандық сезіледі, ас қорыту на-шарлайды. Ағза тиаминге зәру болса, жүйке жүйесінің үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданатындарға, суықта ұзақ болғанда ағзаға осы дәрумен көп қажет болады. Дененің ыстығы көтерілгенде бұл дәрумен аса қажет. В2 дәрумені (рибофла- вин) басқа дәрумендер тәрізді ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологилық тотығу процестеріне қатысатындығымен құнды. Ағзадағы жарақаттардың тез жазылуына жәрдемдеседі, көздің жақсы көру қабілетін сақтауына ықпал жасайды. Дәрумен В6 (пиродоксин) – өсімдіктер және етте, қара малдың бауырында, жемістерде, сүтте, жұмыртқа сарысында бар.

Дәрумен Д (кальциферол). Ол адам ағзасында гормонға ұқсас затқа айналады, сөйтіп, кальций мен фосфор сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен 3-4 жастағы балаларға аса қажет. Д дәрумені жетіспесе бала мешелге (рахитке) ұшырайды. Оны екіқабат және бала емізіп жүрген әйелдер көп қажетсінеді. Д дәрумені тунец, тресканың, басқа да балықтардың бауыр майында мол. Сары майда, жұмыртқаның сары уызында аздау. Өсімдік тағамдарында жоқ, мал өнімдерінде өте аз. Ересек адамдар Д дәруменін көп қажетсіне қоймайды. Тек ол адам ағзасына жарық жетіспегенінде (шахталарда жұмыс істегенде) ғана аса қажет.Д дәруменінің жетіспеуі сүйекке кальцийдің аз жиналуына әсер етеді, адам ағзасында кальций мен фосфор – кальцийдің алмасуының қатты бұзылуына әкеліп соқтырады. 

Дәрумен К (филлохинон). Қанның ұюына қатысатын қасиетке ие. Өсімдіктердің көктеп өсетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты қырыққабат ), қалақай, сәбізде де, томат құрамында бар. Малда тек қана бауырында кездеседі. 

Пияз және сарымсақ тамырларда қанның жүруін арттырады. Пияз және са-рымсақтың қан тамыры бітелуі кесірінен болатын қан қысымын және қан холлестеринін түсіруде әсері бар. 

КАЛИЙ: Қан қысымын төмендетеді, жүрек қағысын реттейді. Өрік, банан, цитрусты жемістерде, балық, жасыл көкөністерде, сүт, фундук және картопта мол болады. 

СЕЛЕН: Антиоксид ерекшелігі арқылы жасушаларды қорғайды. Теңіз өнімдерінде және еттерде мол мөлшерде болады. 

ЦИНК: Бұлшық еттерді күшейтеді, жасушалардың көбеюін жылдамдатады. Ет және теңіз өнімдерінде көп болады. 

МАГНИЙ: Қан қысымын реттейді, сүйек ауруларынан сақтайды. Жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балық және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады. 

Сүйелді қалай кетіруге болады?
Кивидің пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу