Жігіт сені қолданып жүргенін білдіретін 4 фраза

Oinet.kz 20-09-2019 1816

Если «свобода» слишком односторонняя, стоит насторожиться

Қыз – нәзік жаратылыс. Егер де қыз баласы ғашық болса, сезімге берілсе ол ешнәрсеге алаңдамайды. Дегенмен соңында қалай жалғыз қалып кеткенін байқамай қалады.

"Қыздар қолданады" деген қисынсыз түсінік болады. Алайда көптеген дәйектер мұның керісінше екенін көрсетеді. Қарым-қатынастың көбінде жігіттердің мейілінше қу екенін байқауға болады. Бірақ, қалай?


БҰЛ СЕНІҢ МӘСЕЛЕҢ

Манипулятор жігіттер өз серігінің басындағы проблемаларына бас қатырғысы келмейді. Әрине қолдану сөзі жігіттерге келгенде ақшамен, алтын, күміспен тіркеспейді. Сенде проблема пайда болғанда ол жоқ та, ал сенің өміріңде бәрі дұрысталып, орнына келгенде ол жаныңнан пайда бола қалады. Бұл қалай болғаны?

МАҒАН ЕРКІНДІК КЕРЕК

Жігітіңіз еркіндікті сүйетін адам болса және мұны үнемі есіңізге салып отырса, мұндай адамға еркіндік бергеніңіз дұрыс. Себебі сіз оның жанында тек ол қамыққанда, жабыққанда керек болатын мишеньге айналасыз.

МЕНІҢ БҰРЫНҒЫ ҚАТЫНАСТАРЫМ ЖАЙСЫЗ ТҮС СИЯҚТЫ

Ақылды жігіт өзі кезінде жүріп, бірге болған адамы туралы жағымсыз, жөнсіз пікір айтпаушы еді. Егер де серігіңіз мұндай әңгіме айтса, ол сіз туралы да бір күні осылай айтарына сенімді болыңыз.

ЖАНЫМ, МЕНІҢ ЖОСПАРЫМ ӨЗГЕРІП КЕТТІ

Тұрақсыздық. Қыздар қауымы өзін басқа бір іспен алмастыратын жігіттерді ұнатпайды. Десе де жақсы көрген сәттерінде олар себепсіз кез келген айтқанына сене береді. Егер кездесулеріңіз үнемі кейінге шегеріле берсе, есіңізде болсын, сіз жігітіңіз үшін қосымша вариант екеніңізге күмән келтірмесеңіз болады.

Айна қашан пайда болды?
Сүйелді қалай кетіруге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу