Этикет ережелері

Oinet.kz 20-09-2019 3977

Похожее изображение

Көпшілік ортада белгілі бір этикет түрлерін сақтауға міндеттіміз, себебі жақсы әдет жақсы мінез қалыптастырады.

Картинки по запросу шахматный порядок

1: Шахмат қатар

Қонақта отырғанда ең дұрысы шахмат тәрізді тізіліп отыру. Ол дегеніміз қыз және жігіт болып қатар тізіліп отыру. Осылай отыру арқылы бір-бірімен тез танысуға болады, әрі нәзік жандылар жанындағы ер жігіттен кез келген уақытта көмек сұрай алады.

Картинки по запросу музыка в общественных местах

2: Әнге тапсырыс бердіңіз бе?

Көпшілік ортада, қоғамдық көліктерде музыканың дауысын қатты шығарып тыңдауға болмайды. Біріншіден көпшіліктің назарын аласыз. Екіншіден бұлсіздің тәрбиесіздігіңізді білдіреді.

Картинки по запросу мужчина носит женскую сумку

3: Қажетсіз көмек

Жігіттерге әйел сөмкесін алып жүрудің немесе қол сөмкесін ұстауға ұсыныс білдіру бір жағынан джентельмендік болғанымен, екінші жағынан этикет ережесіне жатпайды. Бұл шектен тыс, әйел қол сөмкесінің ішінде тас бар болса да, өзі ұстағаны дұрыс.

Картинки по запросу полотенце для лица

4: Қонаққа барғанда

Қонақта болғанда бет сүлгісін, қол сүлгісін қолданбас бұрын, үй иесінен қолдануға болатынын, болмайтынын сұрағаныңыз жөн.

Сізге нұсқаулық: Қонақ шақырар алдында арнайы қағаз майлықтар дайындап қойыңыз, шақырылған қонақты мұндай мәселеге алаңдатпас үшін.

Картинки по запросу именные кулоны

5: Атаулы алқалар

Өз атың немес жұлдызың көрсетілген алқа тағу да өте өрескел қылық болып есептелінеді.

Картинки по запросу очки как ободок

6:Ол тоғыншақ емес

Күннен қорғайтын көзілдірікті шашқа ысырып қою ыңғайлы екені рас, дегенмен бұл этикет ережесін бұзады және көрер көзге оғаш көрінеді.

Картинки по запросу солнцезащитные очки носит

7: Көзбе-көз

Адамға қарап сөйлесіп тұрғанда күннен қорғайтын көзілдірікті шешіп сөйлескен дұрыс.

Картинки по запросу стучатся в дверь

8: Есік қағудың қажеті жоқ

Әсіресе жұмыс уақытында әріптесіңнің немесе бастығыңның бөлмесіне есік қағып кірудің қажеті жоқ. Әрине, бұл баса көктеп кіріп кету керек деген сөз емес, жәй ғана "Кіруге рұқсат па?" деп кірген әдептірек.

Картинки по запросу опаздывать

9: Қазір келемін

Ешқашан! Ешқашан өзіңізге кешігуге жол бермеңіз. Кешігу ең әдепсіз қылық. Және ең жауапсыз адамдар ғана кешігеді.

Шаршаудан арылтатын рецептілер
Айна қашан пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу