Интернет-магазин FR Group ждет
04-01-2023
Киімді күтіп кию үшін түрлі әрекеттерге барамыз. Дегенмен байқамай сырланған заттарды қолданып, киімге бояу жұқтырамыз. Тастауға қимайтын киімнен бояуды қалай кетіре аламыз?
Ескеретін жайт:
Егер зат қымбат болса және сіз тәуекелге барудан қорқатын болсаңыз, оны тез арада химиялық тазалауға апарған дұрыс.
Егер сіз ластануды өзіңіз тазартқыңыз келсе, оны кешіктірмеңіз. Дақ пайда болғаннан кейін лезде бояуды сүртуге тырысыңыз.
Егер бояу әлі де жақсы құрғап үлгерсе, алдымен оның жоғарғы қабатын пышақпен мұқият тазалаңыз. Сонда оны жуу оңай болады. Егер мата өте нәзік болса, пышақты қолданбаған дұрыс. Сіз пышақпен сүрту барысында нәзік матаны былғап алуыңыз мүмкін.
Бояуды маймен және кір жуғыш ұнтақпен кетіру
Жұмсартылған май мен ұнтақты тең мөлшерде араластырыңыз. Дайындалған қоспаны даққа сүртіңіз.
Ластану дәрежесіне байланысты өнімді бірнеше минут немесе одан да ұзақ қалдырыңыз. Содан кейін бояуды сүртіп, затты кір жуғыш машинада жуыңыз.
Егер сіз майдан дақ қалады деп қорқатын болсаңыз, жуар алдында сол жерге кішкене ыдыс жуатын сұйықтықты ысқылап, жарты сағатқа қалдырыңыз.
Өсімдік майымен киімнен бояуды кетіру
Даққа өсімдік майын жағыңыз. Киімді шамамен жарты сағатқа қалдырыңыз. Содан кейін бояуды мұқият сүртіңіз.
Ластанған жерге кішкене ыдыс жуатын сұйықтықты жағыңыз. Жарты сағатқа қалдырыңыз және кір жуғыш машинада жуыңыз.
Өсімдік майы +жуғыш ұнтақ + тұз= бояуды кетіру
Май мен құрғақ ингредиенттер шамамен тең мөлшерде болуы керек. Бұл қоспамен дақты сүрті 20-30 минутқа қалдырыңыз және шайыңыз.
Алдыңғы әдістегідей ыдыс жуатын сұйықтықты алдын-ала ысқылап, киімді машинкаға жуыңыз.
Киімдегі бояуды сабынмен кетіру
Кішкентай дақты тазарту үшін кір сабыны немесе арнайы дақ кетіргіш қолайлы. Дақты мол жуып, 15-20 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін бояуды дұрыс сүрту арқылы ластанудыкетіріңіз. Көбікті қолмен жуыңыз немесе кір машинкасына жуыңыз.
Бояуды тіс пастасы мен кір сабынымен кетіру
Бұл тандем ауыр ластануды жеңе алады. Пастаны даққа мұқият сүртіңіз, сабынмен мол жуыңыз және қайтадан сүртіңіз. Кір жуғыш машинада киімді жуыңыз.
Лак кетіретін сұйықтықпен кетіру
Ацетонмен бояуды да тазартуға болады, бірақ ол көбінесе матаның түсін жуады. Сондықтан сіз оны заттың тұрақты түске ие екеніне сенімді болсаңыз ғана пайдалана аласыз.
Дақты жылтыратқыш сұйықтықпен мұқият сүртіңіз. Бояу түскен кезде, затты кір жуғыш машинада жуыңыз.
Киімдегі дақты еріткішпен кетіру
Көбінесе дақтарды кетіру үшін ақ спирт, тазартылған бензин, скипидар, керосин қолданылады.
Мұндай құралдармен сіз әсіресе абай болуыңыз керек. Оларды матаның көрінбейтін жерінде тексеріңіз. Нәзік материалдарда еріткіштерді қолданбаған дұрыс.
Дақты таңдалған құралмен сүртіңіз. Бояу еріген кезде, затты жылы сумен қолыңызбен ысқылңыз.Процесс соңында кір жуғыш машинада жуыңыз.
Суреттер ашық дереккөзден алынды