Көп қаражат құртпай теріні қалай жақсартуға болады?

Oinet.kz 26-08-2020 1251

Байқадыңыз ба өмірдегі маңызды сәтте кедергіге тап боламыз. Ең мұқым сәтте бетімізге безеу шығады. Маңызды кездесу жақындағанда теріде пигменттер көбейеді. Немесе фотосессияңыз жақындағана, денеңізде соққыдан ауырсынып із пайда болады. Бұл фактордың барлығын болдырмай тастауға мүмкіндік бар. Өмір сүру салтыңызды өзгертсеңіз, бәрі өзгеріп шыға келеді. 

image.png

Біз барлық кедергінің уақыт өте жойылатынына сенеміз. Маңыздысы, уақыттың өткені емес, сіздің өзгеріске деген құлшынысыңыз.

Қанттан бас тартыңыз

image.png

Қантты минималды деңгейде қолданыңыз. Біз тәтті нәрсе тұтынғанда қанға көп мөлшерде глюкоза түседі. Бұған біздің денеміз қандағы глюкозаны ыдырату үшін инсулин гормонын бөлумен жауап береді. Тәттәнәі мөлшері қанша болса, соғұрлым инсулин көп болады. 

Инсулиннің жоғарылауы тестостерон деңгейінің жоғарылауына әкеледі, бұл өз кезегінде тері тесігін жабатын және бактерияларды тартатын заттардың пайда болуына ықпал етеді. Сол арқылы безеу шығуы ықтимал.

Назар аударыңыз: тәттілерге аспартам сияқты тәттілендіргіштер де жатады. Өйткені олардың құрамында қант пен калория болмағанмен, инсулин шығаратын қарапайым қант сияқты олардың тәтті дәміне жауап береді.

Көбірек таза су ішіңіз

image.png

Иә, барлығы оңай. Мүмкіндігінше көп су ішіңіз. Күніне кемінде 2 литр норма. Көп су тұтына алмасаңыз, 1 литр де жақсы. Ағзаңызға сұйықтықты кофе, шырын арқылы сіңіріп келсеңіз, кішкене өзгеріс енгізейік. Сіз осы заттардан тиылсаңыз, су ішуге үйренісесіз.  Ең бастысы - ниет. 

Неліктен су ішу керек? Біріншіден, егер денеге ылғал жетіспесе, ол оны құрғақ терінің қажеттіліктеріне жұмсамайды. Яғни, қалдықтарды денеден шығару, метаболизм процестері, денені салқындату секілді маңыздыфункцияларға жұмсалады.Теріңізді жақсартуға қымбат крем алғаныңыз пайдасын бермеуі мүмкін. Су ішу қашан да әсерін көрсететін пайдалы.

Екіншіден, барлық метаболикалық процестер су ортасында жүреді. Оның ішіндеС дәрумені терінің сұлулығына қажет. Ол еруі үшін суды пайдаланады. Сонымен қатар, су организмнен қалдықтарды кетіреді және ас қорытуды жақсартады.

Рационнан жартылай дайын өнімдерді алып тастаңыз

image.png

Консерванттар, бояғыштар, қантты алмастырғыштар және химиялық өндірістің басқа да жетістіктері бар басқа да өнімдерді көп тұтынатын адамдар терісінің ерекшелігімен бірден аңғарылаты. Түрлі бөртпелер- тағам құнарсыздығы мен зиянына ағза реакциясы. Бәрін терістеп, гормондармен байланыстырғысы келетіндер де кездеседі.     Дегенмен 20-25 жаста гормондарда айтарлықтай маңызды процесс жүре қоймайды. Гормоналды бұзылыстарды диетаның қарапайым өзгеруімен және витаминді-минералды кешендермен  емдеуге болады.Ересектердегі безеу-бұл тамақ пен қоршаған ортаға әсер етудің нәтижесі. Соңғысын өзгерту қиын, бірақ бәрін өзгерте алатын тамақ бар.

С дәруменін қабылдаңыз

image.png

Бұл әдіс көптеген адамдарға ұнайтынына сенімдімін.С дәрумені  "сиқырлы таблетка" . Сіздің көп күшіңізді талап етпей, теріңізге саулық сыйлайды. Бұл жасушаларды қорғайтын күшті антиоксидант. Сонымен қатар, ол терінің сұлулығына тікелей әсер ететін және әжімдердің пайда болуына жол бермейтін коллаген мен эластин синтезіне қатысады.

Ересек адамға ұсынылатын тәуліктік доза (18 жастан бастап) - 1-2 грамм.  Дозаны 2-3 бөлікке бөліп, асқазанды қажетсіз тітіркендірмеу үшін тамақтан кейін қабылдаған дұрыс.

Темекіні тастаңыз

image.png

 Адам темекі шеккенде, оның жасушалары аш болады.Жасушаларда оттегі жетіспесе, тері өзгеріске ұшырайды. Ол аздай жүрек-қан тамыр ауруларына әкеп соғады. 

Ол денсаулығыңызды бәске тігуіңізге тұрмайтын өнім  емес пе? Дәл қазір тастаңыз! Сіз темекіні ғана емес, сонымен қатар косметологқа төлер ақыны да үнемдейсіз.

Жақсы сапалы майларды көп ішіңіз

image.png

Май дегенге кежегеңіз кейінге тартпай қоя тұрыңыз. Тамақтану тәртібіңізге  май қоссаңыз,сіздің салмағыңыз артпайды. Керісінше, төмендейді. Май - саулық пен сұлулық күзетшісі. Одан еш қорықпаңыз!

Майлар- біздің ағзамыздағы омега-3 маңызды көзі. Сығымдалған өсімдік майлары, жаңғақты көбірек тұтынуға тырысыңыз.

Егер денеде май жеткіліксіз болса, онда сіздеһің теріңіз өте құрғақ  болады. Майлар жасуша қабығын қорғайды.  Егер май жеткіліксіз болса, онда жасуша  жаңартыла алмайды. Бұл өз кезегінде бұлыңғыр келбетке, сондай-ақ теріде жаралар мен тыртықтардың ұзақ емделуіне әкеледі.Салаттарға өсімдік майын қосыңыз. Балық майын тұтынып көрсеңіз, ол есте сақтау қабілетіңізді қоса жақсартады. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Қанттың сұлулыққа берер пайдасы
Киімге жұққан бояуды үй жағдайында қалай оңай кетіреді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу