Психологиялық тест. Әйелі кім?

Oinet.kz 21-02-2020 3329

1. Егер сіз сол жақтағы қызды таңдасаңыз, онда сіз жақын қарым-қатынастағы жандарды бағалап, өз жұбыңызды шексіз сүйесіз деген сөз. Отбасылық өмірден барынша қолдауды, нәзіктікті және серіктестікті күтесіз.

Сіз ренжіген, көңіліңіз қалған сәттерде өз ойыңызды айта бермейтін секілдісіз, сондықтан ішіңізде жиналып қалған өкпе-реніш көп. Кейде жұбайыңыздың жағдайын барынша жасап, тек оған жақсы болса екен деп өзіңіз зардап шегіп жатасыз. Сондықтан кейді сізді бағаламайтындай болып сезіледі.⠀

Сізге аз да болса өзіңізге көңіл болып, ішіңіздегі ойлармен аз да болса бөлісу керек.⠀

тест.jpg

2. Ал егер сіз оң жақтағы әйел адамды таңдасаңыз, онда сізге серігіңіздің сізбен интелектуалды, тұлғалық тұрғыдан тең болғаны маңызды деген сөз. Сіз қамқорлықты, өбектеуді аса күтпейсіз, сізге жақын қарым-қатынас, бірге даму мүмкіндігі маңызды.

Өз пікіріңізді ашық айта аласыз, ақиқат шиеленіс жағдайында туады деген пікірмен келіспеушіліктерден қорықпайсыз.

Бір ғана мәселе - сізге кейде шынайы эмоция, құштарлық, романтика жетіспейтіндей, бірнәрсе дұрыс болмай жатқандай көрінеді.

Есіңізде болсын, өмірдің өзі түрлі циклдан тұрады. Қарым-қатынаста тек қана драйв болуы мүмкін емес, арасында жайлы, тыныш кезеңдер де болуы мүмкін. Бұл қалыпты нәрсе.

Үнемі тек драйвты іздемей, қалыпты жағдайдан ләззат алсаңыз жақындықтың сіз білмеген тәп-тәтті тұстарын ашасыз.

Төмен калориялы диеталық өнімдер
Әжімнен қалай құтылуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу